ипатына байланысты:
зерттеу жобасы. Бұл жобада таңдап алынған тақырыптың өзектілігі, зерттеу міндеттерін нақтылау, міндетті түрде тексерілетін болжамның болуы, алынған нәтижелерді талқылау қамтылады. Жобаның барысында замануи ғылымның әдістері: зертханалық эксперимент, модельдеу, әлеуметтік зерттеулер және т. б. қолданылады;
ақпараттық жоба. Көпшілік қауымға талдау, тарату және жалпылау үшін қандай-да бір құбылыс, нысан туралы ақпараттарды жинақтауға бағытталады. Мұндай жобалардың соңғы нәтижесі БАҚ-да, соның ішінде Интернетте материалдар жариялау болып табылады;
шығармашылық жоба. Шығармашылық жобада нәтижелерді дәстүрлі емес, еркін түрде көрсетуге болады. Альманахтар, театр қойылымдары, өнер және декоративтік- қолданбалы өнер туындылары, видеофильмдер және т. с. с. шығармашылық жобаның түрлері болып табылады.
рольдік (ойын) жоба. Жобаның бұл түрінде жоба дайындаушы қандай-да бір әдеби шығарманың кейіпкері, немесе тарихи тұлғаның, немесе өзінің ойынан шығарған кейіпкерінің және т. с. с. ролінде болады. Жобаның нәтижесі соңына дейін нақты анықталмайды.
тәжірибеге бағытталған жоба. Тәжірибеге бағытталған жобалар жобаға қатысушылардың өздерінің немесе сыртқы тапсырыс берушінің әлеуметтік қызығушылығына бағытталады. Ең маңыздысы жоба өнімінің практикада нақты қолданылуы мен оның қойылған өзекті мәселені шешуге ықпал етуін бағалау болып табылады 4,12.
1. Оқушылардың жобалық әрекеттерін ұйымдастыру келесі кезеңдерден тұрады:
1 кезең- проблемаға ену;
2 кезең - әрекеттерді ұйымдастыру;
3 кезең - әрекеттерді жүзеге асыру;
4 кезең - нәтижелердің презентациясы, өзін-өзі бағалау және өзін-өзі талдау.
2. Оқушылардың жобасының нәтижесі
Web - сайт, анықтамалық , атлас, әлеуметтік сауалнама мәліметтерін талдау, басылым,
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>