Доклад

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Оқыту тәжірибесінде қолданылатын оқу жобаларының түрлері
Ерманова Сара Есенбаевна
математика пәнінің жоғары санатты оқытушысы
"Қостанай гуманитарлық колледжі" мекемесі

Оқушылардың зерттеу жұмысын ұйымдастыру және жоба жұмысын жасауға мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек екені- бүгінгі күн талабы. Сондықтан да жобалау технологиясының тиімділігі күннен күнге артуда.
Жобалау әрекеттерін ұйымдастыру - жеке тұлғаға бағытталған технологиялардың бірі. Оқу жобасы - мәселелік амалды, топтық әдістерді, түзету, презентациялық, зерттеу, іздену және басқа да амалдарды біріктіретін және оқу жобаларының міндеттерін шешуге бағытталған оқушылардың өзіндік әрекеттерін ұйымдастыру әдісі1,31.
Оқушы тұрғысынан қарағанда оқу жобалары - топпен немесе жеке өзінің қандай - да бір қызықтыратын нәрсені өзінің барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, өз бетінше жасау мүмкіндігі, өзін көрсетуге, өзінің мүмкіндіктерін пайдалануға, өзінің білімін пайдалануға, басқаларға пайда әкелуге және өзінің жетістіктерін көпшілікке көрсетуге мүмкіндік беретін әрекет 3,31.
Мұғалім тұрғысынан алғанда оқу жобалары - дамытудың, оқыту мен тәрбиелеудің кіріктірген дидактикалық құралы.
1. Оқу жобаларына негізгі қойылатын талаптар мыналар:
1. Кіріктірілген білімді, оны шешу үшін зерттеу жолдарын іздестіруді қажет ететін маңызды проблеманың (міндеттердің) болуы (ақпараттық, зерттеу, практикалық);
2. Күтілетін нәжижелердің тәжірибелік, теориялық, танымдық маңыздылығы;
3. Оқушылардың өздік( жеке, жұптық, топтық) жұмыстары;
4. Жобаның (жеке кезеңдердің нәтижелері көрсетілген) мазмұндық бөліктерін құрылымдау;
5. Зерттеу әдістерін қолдану.
2. Оқыту тәжірибесінде қолданылатын оқу жобаларының түрлері
1. Жобадағы басым әрекеттердің с

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: