Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы
Сүттіқұдық ауылы
52 Б Аралбаев атындағы орта мектебінің география пәні мұғалімі
Габбасова Гульсим Жаксигереевна
Дүниежүзілік мұхит суы. Беткі ағыстар
Сабақтың мақсаттары:
1. БілімділікОқушыларды дүниежүзілік мұхиттың ағысымен таныстыру, олардың ерекшеліктеріне, маңызына тоқталу
2. Дамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілеттерін, іскерліктерін, шығармашылық қасиеттерін шыңдай отырып, туған өлкеге деген мақтаныш сезімін қалыптастыру
3. ТәрбиелікТабиғаттың сұлулығын аялауға, табиғаттағы өзгерістерді сезуге, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу, эстетикалық тәлім-тәрбие беру.
Сабақтың түрі:Саяхат сабақ
Оқыту әдісі:Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, баяндау
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Карта, суреттер, оқулық, кескін карта
Сабақтың жоспары:
Сабақтың кезеңдеріБерілетін уақыт (мин)
1. Ұйымдастыру1-2
3. Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру2-3
4. Жаңа сабақты түсіндіру18-20
5. Жаңа сабақты бекіту5-6
6. Үйге тапсырма беру1-2
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандырып, жаңа сабақ түсіндіруге кірісемін
Жаңа сабақты түсіндіру:
Дүниежүзілік мұхит суларыгидросфераның негізгі бөлігін құрайды. Дүниежүзілік мұхит ғаламшарымыздағы жылу мен ылғалдың таралуын белгілі дәрежеде реттеп отыратындықтан жердегі тіршілік үшін маңызы өте зор. Жер шарында Дүниежүзілік мұхит суының алып жатқанауданы 361,1млн км. Күн жүйесідегі ешбір ғаламшарда дәл Жер шарындағыдай мөлшерде су жоқ. Олай болса, су – Жер табиғатының басты байлығы тіршілік көзі.
Мұхит суының басты қасиеттері– температурасы мен тұздылығы. Мұхит суының да жылынуы Күн сәулесінің түсу мөлшеріне тікелей байланысты.
Дүниежүзілік мұхит суы көлемінің үлкен болу
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>