iзiп, ҚазПИ-де (қазiргi Қазақтың Ұлттық педагогикалық университетiнде) дәрiс бердi. ҚазКСР ҒА-ның География секторын басқарды. Халықаралық мамандану. Өнімнің жеке түрлерiн немесе оның және бөліктерін шығаруды дербес елдерде немесе кәсіпорындарда шоғырландыруды халықаралық мамандану деп атайды. Мамандандыру үшін белгiлі бiр жағдай қалыптасу керек. Бiрiншіден, халықаралық географияның еңбек бөлінісiне қатысатын елдің басқа елдерге қарағанда қандай да бiр өнiмдi өндiруде басым ерекшеліктерi мен жағдайлары болуы шарт (табиғат ресурстарыпң бiр түрінің бай қоры, т. б. ), екiншіден, осы өнiмдерге деген сұраныстың да болуы шарт, үшiншіден, өнiмдi өндiрген елден басқа жерге тасымалдау тиiмдi болуы кажет. Мысалы, Жапония автомобиль жасау жөнiнен дүниежүзiнде бiрінші орын алады. Елде шығарылатын автомобильдердің шамамен алғанда жартысын ол баска елдерге экспортка жiбередi. Автомобиль өнеркәсiбi оның халықаралық маманданған саласына жатады. Немесе Канада дәндi дақылдар өнiмiн алудан дүниежүзiнде бiрiншi, ал экспортқа шығару жөнiнен екiншi орынды алады. Астық шаруашылығъi -- оның халықаралық маманданған саласы. Халықаралық еңбек бөлінісiнде мемлекеттің маманданған саласының маңызы зор. Елдің мамандану саласының түрлерi де шешушi рөл атқарады. Маманданған тауарлардың саны аз болса, ол дуниежүзiлік рыноктағы бағаға тәуелдi болады және тауар құны өзгерiп отырса, ел экономикасына әжептеуiр әсерiн тигiзедi. Басқаша айтқанда, мұндай елдердi мономәдениеттi мамандану елдерi дейдi. Халықаралық экономикалық байланыстардың дестұрш және ең дамыған түрі -- халыиаралық сауда. Халықаралық экономикалық байланыстардың 80-ы сауданың үлесiне тиесілi. Әрбiр ел үшін сыртқы сауданың рөлі жоғары (2-сызбанұсқа). Әйгiлі экономист Д. Сакс бүлай деген: "Әлемдегi әрбір елдің экономикалық табысы сыртқы сау
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>