имандылық, мейірімділік, бауырмалдық деген сезімдер пайда болады.
Бұрынғылар айтқандай, адамның - адамсыз күні жоқ. Сондықтан ел жүрген жерінде, жұмыста, елде, сапарда т. б. жерлерде болсын ұғысып, түсінетін, жақын жүретін сырлас жан іздейді. "Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын"- деген сөзде бар.
Достық көбіне бала кезден басталған достық болады екен.
Содан болар:"Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы"-дейді халқымыз.
Қай кезде,қай жаста болса да,адам өміріндегі достықтың орны бөлек. Сондықтан оған өте жауапкершілікпен,байсалдықпен қарау қажет.
Кейбір достар бүгін достасып, ертең қоштасып жатады, енді біреулері бүгін табысып, ертесі шабысып жатады. Нағыз достықтың бір белгісі-шыдымдылық. Кез-келген адамның өз келешегі болады. Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады. Егер досың көңілді қалдырса,бірден әзәзіл сөзге еріп, қолды бір-ақ сілтеп кетіп қалуға асықпаған абзал. Екінің бірі дос бола бермейді. Нағыз досқа ие адамның ниеті таза, адал болады.
Ал, ұлы ақын әрі ойшыл Абай:
"Жаман дос көлеңке басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың"-деп, жалған достың кейпін шебер бейнелеп көрсеткен. Достық жайлы ұлы философ та, ақын-жазушылар да, ұстаздар мен психолог-педагогтар да, тіпті батырларымыз да толғап өткен. Оған дәлел:
Досым, саған сенемін.
Сеніп өтем! Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.
Достық деген -- адамның көрігі екен,
Достық деген адалдың серігі екен.
Ал, мақалдардан: "Жақсы дос ашып айтар, жаман лос қосып айтар", "Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды"
Өзіңе лайық дос ізде. Егер досыңның көңілі сенен ешбір себепсіз қалар болса, қайтадан оның көңіліне қарауға әрекет етпе, шын дос сені түсінеді, жөні - ж
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>