Павлодар — Семей — Майқапшағай; 5) Челябинск (Ресей) — Петропавловск — Новосибирск (Ресей); 6) Ресей — Петропавловск — Рузаевка — Жезқазған — Кызылорда — Өзбекстан; 7) Астрахан (Ресей) — Атырау — Бейнеу — Түрікменбаши (Түрікменстан).
Қазақстанда автомобиль жолының жалпы ұзындығы — 82 мың км, оның iшiнде республикалық маңызы бар жолдың ұзындығы 19 мың км.
Құ6ыр көлігі. Дүниежүзілік знергетиканың дамуына сәйкес мұнай және газ құбырларының арақатынасы өзгерiп отыр. Сонымен қатар мұнай және газ құбырларымен қоса, қатты өнімдердi таситын құбыр көлігі пайда бола бастады. Олармен, негiзiнен, көмiр және темiр кендерi тасымалданады.
Дүниежүзiндегi мұнай құбырының қазiргi кездегi жалпы ұзындығы 400 мың км-ден астам, ал газ құбыры желісінің ұзындығы одан да көп (900 мың км).
Құбырмен тасымалдау темiржолмен тасымалдауға қарағанда (өзiндiк құны) үш есе арзан және онымен Дүниежүзінік жүктасымалының 11 -ы тасымалданады. Көліктің бұл түрінің ерекшелігi — ол жүктi тасымалдауда тұрақты және сенiмдi көлік саналады және қоршаған ортаны ластамайды.
Солтүстiк Америкада құбырлар мұнай мен газды өндіретiн аудандардан құрлықтың индустриясы дамыған Шығыс аудандарына тартылған. Батыс Еуропада олар теңiз порттарынан өнеркәсiптi орталықтарға және құрлықтың шеткi аудандарына жүргiзiлген.
Дүниежүзіндегi ең iрi мұнай құбырларына дружба — Ресей — Батыс Еуропа (5,5 мың км), Канададағы Редуотер Порт-Кредит (4,8 мың км), т. б. жатады. Американың
Хьюстон — Нью-Йорк қатты өнім тасымалдайтын құбырының ұзындығы —2,5 мың км.
Су асты құбыр желілері. Жерорта теңiзi түбiмен трансжерортатеңiздiк газ құбыры тартылған. Мұндай құбырлар Мексика шығанағы мен Солтүстiк теңiзде де жүргiзiлген.
Әуе көлігі. Бұл көлік — әрi жылдам, әрi қымбат көліктердiң бiрi. Оның халықаралық жо
Страницы: << < 6 | 7 | 8 | 9 | 10 > >>