"Төртбұрыштар"
Мен төртбұрышпын,
Көпбұрыштың бірімін.
Үшбұрыштан болсам да жас
Бірақ одан ірімін.
Сөйтсе де мына мені,
Тастамай адам далаға,
Гүл егетін ыдыс қып,
Сыйлаған екен балаға.
"Үшбұрыштар:"
Үшбұрыш үш нүктеде қосылған үш кесіндінің ретімен бірігуінен пайда болған фигураны үшбұрыш дейді. Үшбұрыш қандай болса да, оның бұрыштарының қосындысы әрқашан 180г.
Мұны оп-оңай тексеруге болады:
1. Сызғыштың көмегімен қағазға үлкен үшбұрыш сыз. Одан кейін оны кесіп ал. Үшбұрыштың бұрыштарын жыртып ал. . .
2. . . . оларды былай орналастыр. Олар әрқашан түзу сызық жасайды. Бұл бұрыштар қосындысының 180 градусқа тең екенін дәлелдейді.
3. Психологиялық дайындық.
Сайысқа түспес бұрын психолониялық дайындық жасайық. Тапсырмаларды саралап беру, оқытудың зерттеушілік элементтерін пайдалану үшін оқушының ойлау, қабылдау, есте сақтау қабілеттерін зерттеп алған тиімді. Жадының түрін зерттеу барысында оқушыға рет-ретімен есте сақтаулары үшін сөздер оқылады. Сөздерді ретімен (25-сөз оқимын), еске сақтап1 минут ішінде сол сөздерді қайталап жазып шығу керек.
Дыбыстық есте сақтау
(Пирамида, Паралелепипет, Фронталь, Профил, Горизанталь, Вертикаль, Фигура, Шар, Шеңбер, Цилиндр, Центр, Призма, кесінді, Проекция, Куб, Ось, Градус, Эллипс, Аксонометрия, Изометрия, Координата, Түзу, Параллель, радиус, бұрыштық).
Бейнелі есте сақтау
Оқушыларға 10 бейнелі кесте көрсетіледі. 20 секунд ішінде берілген бейнелерді, фигураларды есте сақтап, 1 минут ішінде оны қағазға бейнелеу керек.
4. Сызбаның даму тарихынан.
Адам баласы жануарлардың, өсімдіктердің, құрылыстардың және де басқа заттардың суреттерін салуды өте ерте заманда бастаған. Түрлі мәліметтерді кейінгі ұрпаққа жет
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>