Діни экстремизм дөнгелек үстел 8-11 сынып

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

еліміз тоқсаныншы жылдардың басында тәуелсіздікті нығайту үшін мемлекеттің күш - жігерін негізінен экономикалық әлеуетті арттыруға жұмсады. Осының әсерінен руханият саласы мешеулікке ұрынды. Қожа - молдалар үшін аласапыран заман саналған жетпіс жылдық атеистік дәуірдің өзінде дәл тоқсаныншы жылдардағыдай қазақ халқының руханияты тым төмендемеген еді.
Нурбол: Кеңес билігі кезеңінде ұлт зиялылары руханиятқа деген қажеттілікті әдебиет пен өнер арқылы өтеп, халыққа шама-шарқынша дұрыс тәлім - тәрбие беріп келді. Ал тоқсаныншы жылдардағы әлеуметтік - экономикалық дағдарыс осы тәрбие мектебіне де өз салқынын тигізді. дәлел келтіретін болсам, Мемлекет халықтың рухани бағытын айқындап бермеген соң, қаталаған қалың бұқара шөлі қанбаса да секталардың жалаң діни ақпаратынан су ұрттай бастады. Ал, миссионерлер болса, халықтың осы мағынауи һәм материалдық қажеттілігін өз мақсаттарына ұтымды пайдалана білді. Егер біздің билік Кеңестік кезеңде белгілі бір деңгейге көтерілген мәдениет пен әдебиетімізді аман сақтап қала алғанда, бәлкім, дәл бүгінгідей рухани дағдарыс орын алмаған болар еді.

Самал Осыған байланысты 2006 жылғы 8 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясы "Ғаламдық террормен күрес" стратегиясын қабылдады. Бұл құжатта БҰҰ - ға мүше мемлекеттер экстремизм мен терроризмнің барлық пішінін бір жақты айыптайды және осыған қарсы тығыз ынтымақтастық арқылы әрекет етуге дайын екендігін көрсетеді. Стратегияны әр мемлекет шынайы түрде іске асырып жатса, діни экстремизм мен күрес шын мәнінде өз нәтижесін берер еді.
Елімізде 2005 жылдың 18 ақпанында "Экстремизмге қарсы іс - қимыл туралы" Заң қабылданды. Осы заңның 10 - бабы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының шет мемлекеттердің органдарымен және халықаралық ұйымдармен экстремизмнің алдын

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: