алар үлкен допқа аяқтарын алға қойып отырып секіреді.
5. Балалар қапты бастарына, алақанына қойып жүгіреді.
17 мин.
Рефлекстік түзету.
Балаларды бір қатарға тұрғызып, сабақ туралы өз пікірлерін және көңіл-күйлерін сұрайды. Балалардан құралдарды жинауға көмек сұрайды.
Балалар мұғалімге сабақ туралы пікірлерін және кездескен қиыншылықтар туралы айтады.
Мұғалімге құралдарды жинауға көмектеседі.
5 мин
Күтілетін нәтиже:
Білу: Үлкен доппен секіргенде еденнен аяқпен қатты итерілу.
Болу: Жүру мен жүгіруді кезекпен-кезек орындауды қалыптастыру.
Қолдану: Қаппен жүргенде және жүгіргенде тепе-теңдікті сақтау.
Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы 59
Білім беру саласы: "Денсаулық".
Бөлімі: Дене шынықтыру.
Тақырыбы: 1. Бір орында тұрып секіру.
2. Құрсауларды бір-біріне дөңгелету.
3. Құрсаудан өту.
Мақсаты: 1. Секіргішпен секіргенде бір аяқты алға қойып секіруге үйрету.
2. Құрсаудан өткенде денені құрсауға тигізбей өтуге дағдыландыру.
Ойын: "Балапандар".
Іс-әрекет мақсаты
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Уақыты
Дәлелдеп-талаптану
Мұғалім балаларды спорт залына кіргізеді. Бір қатарға тұрғызып, амандасады. Балалардың көңілін сұрап, сабақтың тақырыбын айтады.
Балалар бір тізбек жасап спорт залына кіріп, жүреді, жүгіреді. Амандасып, өз көңіл-күйлерін айтады. Сабақтың тақырыбымен танысады.
3 мин
Ұйымдастырушылық ізденіс
Балаларды бір қатарға тұрғызып жүргізу, тоқтату, бұрылту, жүгірту. Дамыту жаттығуларын есеппен жасату.
1. Мұғалім сызық сызып, балаларға екі аяқтарын қосып сызықта тұрып итеріліп секіруді үйретеді.
2. Бал
Страницы: << < 76 | 77 | 78 | 79 | 80 > >>