Дербестік және жауапкершілік

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>

түйдіңіз?

4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).
Жауапкершілік жүгі1

Ерте ерте ертеде ақшасы мен дәулетінің көптігіне қарамай өмірінен түңеліп, өмір сүруден жалыққан бір ханзада болған екен. Достары, іні-бауырлары аңшылыққа шығып, қыдырып-тозып жүргенде жаңағы ханзада бөлмесінен шықпай ешнәрсеге қызықпайтын болады. Баласының мұндай жағдайын көрген әкесінің жүрегі ауырады.
Бір күні хан сол елдің ең білімді ғұламасын шақырып, жағдайды түсіндіріп баласының дертіне бір дауа табуын бұйырады. Ойлануға бар жоғы бір апта беріледі. Осы уақыт ішінде ешқандай шешім табылмайтын болса, ғұламаның өміріне қиянат жасалынатынын ескертеді.
Қария күн демей түн демей ойланса да ешбір амал таба алмайды. Ханның сөзін ескеріп өлкеден қашып кетуді жоспарлайды. Жақындарымен қоштасып, жиған-тергенін арқасына артып кетіп бара жатып бір ауылдың маңайында қой мен қозы бағып жүрген жас қойшыны көреді. Онымен біраз әңгімелеседі. Қойшы "Аға, аз уақытқа қойларымды бағып берсеңіз. Түскі асымды алмай шығыппын, үй жаққа барып соны ала келейін деп едім" дейді.
Ғұлама біреуге болсын жақсылығым тисін ниетімен қуана келіседі. Бар ынта мен назарын мойына алған жауапкершілігіне салып тұрғанда, бір қозы ойнап жүріп ор ішіне домалап түседі. Қозыны құтқарып шығармаса өзі шығалмайтыны анық. Қойшы баланың алдында ұят болды-ау деп, ғұлама орға түскен қозыны құтқармақшы болады. Осы мақсатпен ордың ең астына түседі.
Қозыны арқасына байлап ордан шығуға тырмысады. Бірақ қозының ауырлығынан көпке шыдамай қайта орға құлайды. Қайта тырмысып, қайта құлап әрең дегенде қозыны ордан алып шығарады.
Жас досына берген уәдесін орындау үшін, бір қозыны құтқарам деп жанталасқаны, өзінің басына түскен жағдайды, өлкені тәрк етіп бара жатқаның естен шығарады. Есіне түсіп ойланады: "

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: