r/>Әрқашан дос, біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер,
Ту ғып ұстап бірлікті,
Еңбекті сүйіңдер!
Қайырмасы:
Дос болайық, бәріміз!
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз.
Қайраттанып қарышта,
Озып шыққан жарыста,
Батыл бас, жас ұлан!
Самға биік, алысқа,
Жұлдыздарға, ғарышқа,
Бойда күш тасыған.
Қайырмасы.
Отан біздің панамыз,
Аман жүрсін анамыз,
Нұрлы күн сөнбесін.
Бақыт болып жанамыз,
Жарық біздің санамыз,
Қара бұлт төнбесін.
7. Үй тапсырмасы.
1. 17 - сабақ. 6 - тапсырманы орындау.
2. Келесі сабақ. 18, "Өкініш" мәтінін оқып келу.
8. Сабақтың қорытынды сәті.
Тыныс алуға зейін қою.
Баяу музыка қойылады.
Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.
Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз. . . , арқамызды тіктейміз. . . , қолдарыңды тізеге қоюға болады. . .
Д е м а л. . . . . ш ы ғ а р. . . (жаймен 9-10 рет) немесе 1. . . . . . . . . . . . . . . . . . 2 3. Рахмет!
Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.
Өзін - өзі тану сабағының жоспары
Мектебі: 13
Күні: 9. 01. 2020 ж
Мұғалімі: Әбілезқызы. Ж
Сыныбы: 4 "А"
Оқушылардың саны:
Тақырыбы: Дербестік пен жауапкершілік 17 сабақ
Құндылығы: Дұрыс әрекет
Қасиеттері: Дербестік, жауапкершілік
Мақсаты: Оқушыларға дербестік және жауапкерші
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>