Сабақтың тақырыбы: Әдептілік- әдемілік
Сабақтың мақсаты:
1)Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқының салт-дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету.
2)Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.
3)Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа , достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың өтілу әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: суреттер, сызбалар, нақыл сөздер жазылған плакаттар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Шаттық шеңбері
- Салеметсіздер ме, қонақтар, оқушылар! Бүгінгі біздің сынып сағатымызға қош келдіңіздер!
Балалар,сендерді шаттық шеңберіне шақырамын.
-Балалар, алдымен қонақтармен амандасып алайық!
-Енді әр бала өз атына өзінің бойындағы бір жақсы қасиетін қосып айтады, яғни өздерін таныстырады. Мысалы, Мен - ақылды Алинамын деген сияқты.
- Жақсы , сендерде жақсы қасиеттер өте көп екен. Бүгінгі сынып сағатымыз әдептілікке арналады. "Әдептілік- әдемілік" атты сынып сағатымызды бастаймыз.
2. Топқа бөліну
-Балалар, біз бір- бірімізбен тату, доспыз, иә? Қазір мынандай ойын ойнаймыз. Музыка қосылғанда билейміз. Екі- екіден доспыз дегенде, екіден қол ұстасып билейміз. Төрт- төрттен доспыз дегенде төрттен қол ұстасып билейміз( алты баладан төрт топқа бөлінеді).
Сынып жетекші:
Ата - анаңның тілегі - адам болып өскенің,
Адамдықтың тірегі - адал болып өскенің,
Әдептілік дегенің - әрқашанда керегің.
Әсемпаздық дегенің - әуре салған әлегің.
Қоғамның ең үлкен байлығы -- әдепті адам. Себебі, шағын ұжымда, тіпті сыныпта, әдепсіз бір адам болса, ол өзіне ғана емес, сол ұжымға жаман ат келтіреді. Әрб
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>