енжулі еді. Сенің әрекетің. . . .
ІІІ топқа:Есіктің қоңырауы соғылды. Сен барып қарасаң, ауылдан келген туысқаның. Сенің анаң ешкімге есік ашпауыңды ескерткен. Сенің әрекетің. . . .
ІҮ топқа:Арман мен Аян қалада тұрады. Екеуі де бір мектепте, бір сыныпта оқиды. Бүгін автобустың алдыңғы орындығына жайғасқан екеуі мектепке келе жатты. Алдыңғы есіктен қолындағы сөмкесін әзер көтеріп әжей кірді. Аян орнынан тұрып, әжейге орын берді. Ал Арман болса көрмегенсіп, теріс қарап отыра берді.
-Ал балалар сендер не істер едіңдер?
Әдептілік туралы мақал-мәтелдер:
5. Ойын "мақалды жалғастыр"
1- топ
Әдепті бала- арлы бала
(Әдепсіз бала- сорлы бала)
Сәлем түзелмей,(әлем түзелмейді)
2-топ
1. Әдептіліктің белгісі - ( иіліп сәлем бергені).
2. Әдепті бала ата-анасын мақтатар,
(Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар. )
3-топ
Аға әдепті болса, (іні әдепті)
Үлкенге- құрмет, (Кішіге ізет)
4 топ
Мейірімділікті анадан үйрен,
(Әдептілікті данадан үйрен)
Жақсыдан үйрен,
( Жаманнан жирен)
6. Әдептілік туралы өлең оқу, ән айту
Әр топтан бір бала өлең оқиды, ән айтады.
Қорытындылау:
-Енді, балалар, ақ қағазға алақанымызды бастырып, бес саусаққа өздеріңнің бойларыңдағы жақсы қасиеттерді жазып шығыңдар. Ал жаман қаиеттерді де жазып, оны жыртып тастаймыз.
-Бүгінгі сынып сағатынан нені үйрендіңдер?
(Әр топтан бір баладан айтып өтеді)
-Ал, балалар, өркениетті Қазақстан елінің тәртіпті, әдепті, мәдениетті азаматы болу үшін үлкенге ілтипатты, кішіге үлгілі болып заңды сақтауымыз керек. Әдептілік, тәрбиелілік-асыл қасиеттер. Адамдарды бір-бірінен осындай жақсы қасиеттері арқылы бағалайды. Мен сендерді бүгінгі тәрбие сағатынан үйренген, білгендеріңді өмірде пайдаланып , әдепті, жақ
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>