андыру
8. Сақтандыру функциясының бірі
9. Тараптардың еркін білдіруіне орай сақтандыру
10. Сақтандыру қорғауы
Пайдаланылған әдебиеттер: 8,9,15,16,18,19.
12 ТАҚЫРЫП. ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ҚОР БИРЖАСЫ
12. 1. Қаржы нарығы туралы ұғым
Қаржы нарығы - бұл бағалы қағаздарды сату мен қайта сату операцияларын жүзеге асыру кезінде кәсіпорынның, фирманың, банктің, жинақ-зейнетақы қорларының, сақтандыру институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдыру, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие, сақтандыру, валюта нарықтарымен тығыз байланысты. Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайда қаржы нарығы қаржы ресурстарын үздіксіз қалыптастырып отырады және оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысын ұтымды ұйымдастырудың нысаны болып табылады.
Қаржы нарығының құрылымы.
Қаржы нарығы
Айналымдағы қолма қол ақша нарығы
Несие капиталының нарығы
Қор
нарығы
Бағалы қағаздар нарығы
Туынды бағалы қағаздар нарығы
Ақша нарығы дегеніміз - қолма-қол ақша ғана емес, сонымен қатар қолма қолсыз төлем қаражаттарда көрсетілген төлем қаражаттарының нарығы.
Несие нарығы - бұл несие бойынша банктің несие беру операцияларымен байланысты.
Негізгі қаржы нарығының жұмыс істеуінің негізі бұл біріншіден бәсекені дамыту мақсатында шаруашылықтың, кәсіорынның, меншік нысандарының дербестігін сақтау. Екіншіден қаржы ресурстарын қайта бөлудегі мемлекет маңызының немесе рөлінің
Страницы: << < 60 | 61 | 62 | 63 | 64 > >>