Деньги, финансы и кредит

Страницы: <<  <  61 | 62 | 63 | 64 | 65  >  >>

азаюы, яғни күрделі жұмсалымдарды жұмсау барысында кәсіпорынның арасында ақша қаражаттарын қайта бөлудің азаюы. Үшіншіден шаруашылық жүргізудің субъектілерін халықтың бағалы қағаздарға ақшалай табыстың өсуі.
Қаржы нарығы бағалы қағаздардың бағасын белгілеу жолымен бизнестің нақтылы құнын бағалауға, сонымен қатар тиімді жұмыс істейтін шаруашылық жүргізу субъектілерінің бағалы қағаздарын жоғарғы бағаға белгілеуге мүмкіндік береді.

12. 2. Бағалы қағаздар рыногы және бағалы қағаздардың түрлері

Бағалы қағаздар нарығы - экономиканың барлық субъектілерінің өздеріне қажетті ақша ресурстарының алуды, оларды пайдалануды және қолдануға, сонымен қатар ақша ресурстарын алудың жолын жеңілдетуге көмектеседі. Бағалы қағаздардың айналымға түсу уақытымен әдісіне қарай бастапқы және қайталанатын нарық болып бөлінеді. Бастапқы нарықта бағалы қағаздың бастапқы иеленушілердің жаңа шығындарымен бағалы қағаздары сатылады.
Қайталама нарықта айналыс кезінде бағалы қағаздар иелерінің ауысуы.
Бағалы қағаздар нарығы мынадай топтамалар бойынша жіктеледі:
1. Бағалы қағаздар түрлері бойынша (акция, облигация)
2. Элементтер бойынша (кәсіпорынның бағалы қағаздар нарығы және мемлекеттің бағалы қағаздар нарығы)
3. Аумақтық критерийлер бойынша (ұлттық, халықаралық, аймақтық)
4. Мезгілдері бойынша (қысқа мерзімді, орта, ұзақ)
Бағалы қағаздар дегеніміз-иеленушілеріне мүліктік құқықтар мен белгілі бір ақша салаларын
алуға құқық беретін ақшалай немесе тауарлай құжаттар.
Мемлекеттік бағалы қағаздар - бұл мемлекеттік ішкі борыштың нысаны ретінде борыш беруші мемлекет болып табылатын борышқорлық бағалы қағаздар. Мемлекеттік бағалы қағаздарға қазынашылық векселдер, міндеттемелер, мемлекеттік және жинақтық қағаздардың облигациялары жатады

Страницы: <<  <  61 | 62 | 63 | 64 | 65  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: