Тақырыбы: Ас-адамның арқауы
Мақсаты:
Денсаулықтың негізі-дұрыс тамақтану екенін түсіндіру
Ұлттық тағамдарды насихаттау
Оқушыларды дұрыс тамақтана білуге үйрету
Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, слайд, видеoроликтер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабағымызды бастамастан бұрын топтарға бөлінейік
1-топ: "Береке" Ұраны: Ас жүрген жер береке
2-топ: "Алтын дән" Ұраны: Дүниедегі көп байлықтың ең негізгісі нан
3-топ: "Дастархан" Ұраны: Дастархан дәмі киелі
Кіріспе.
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа жолдауында, бізді Отан игілігі үшін өз денсаулығымызды сақтауға шақырады. Ал, денсаулық кепілі, дұрыс тамақтануда болып табылады. Осыған орай, бүгінгі тәрбие сағатымыз "Ас-адамның арқауы" деп аталады.
Дұрыс тамақтану үшін адам "Тамақтану перамидасына" сүйенеді. Біз нені көп пайдаланып, неден бас тартқанымыз жөн. Ең алдымен "Тамақтану перамидасы" ұн өнімдерін, көкөністерді көбірек пайдаланып, ет өнімдерін өз мөлшерімен, ал май өнімдерін аз пайдалануды ұсынады.
Сематикалық карта:
Өнімдер
Пайдалы
Зиянды
жемістер
қытырлақ картоп
кола
көкөністер
фри
сүт
қымыз
Пайдалы мен зиянды өнімдерді белгіледік, енді ойымыздың дұрыстығын дәлелдейміз.
Алдымен пайдалы өнімдерге тоқталамыз: ол күнделікті жеп жүрген ұн өнімдері, көкөністер, жемістер және сүт өнімдері. Біздің ата-бабаларымыз дәрі-дәрмек жоқ кездеде денсаулықтары мықты болу үшін, міндетті түрде дұрыс тамақтану керек деп есептеген. Оның дәлелі тек табиғи өнімдерді пайдаланған. Мына бейнероликке назар аударсақ(қымыз, айран,сүттің пайдасы туралы)
Қызықты ақ
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>