Денсаулығым-байлығым

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3

енген.
Оқушылар, бүгінгі тақырып бойынша, қорыту үшін, топтық жұмыстар беремін
"Береке" тобы: Дұрыс тамақтанған бала қандай болады?
"Алтын дән" тобы: Дұрыс тамақтанбаған бала қандай болады?
"Дастархан" тобы: Керегін ал. Аспазшы дайындайтын тамақтарды жинап ал, неге қалғанын алмадыңдар?
Жақсы оқушылар өз ойларымызды ортаға салдық. Енді мен не себепті сендерді дәрумендер тобына бөлгеніме тоқталайын. Бұл дәрумендер тек қана жемістер мен көкөністерді, яғни пайдалы өнімдерде кездеседі. Зиянды өнімдерде бұлардың біріде жоқ. Өз денсаулықтарың үшін осы дәрумендерді көбірек пайдалануға тырысыңыздар.
Ет етке, сорпа бетке.
Ертеңгі асты тастама, кешкі асқа қарама!
Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.
Өзі тоймастың көзі тоймас.
Өле жегенше бөле же.
Ауру астан,
Тәні саудың жаны сау.
Ішің ауырса, аузыңды тый.
Ауру азығымен.
Әрдайым, балалар, дұрыс тамақтануды естен шығармайық.
Ас-адамның арқауы, алайда онымен қоса спортпен айналысып, уақытылы тамақтан соң тісімізді жууды ұмытпайық, назарларыңызға рахмет!





Страницы: <<  <  1 | 2 | 3
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: