21 орта мектеп
Сынып сағаты
Тақырыбы: Денсаулық -зор байлық
Мұғалім: Хамзина А. Ж.
Петропавл қаласы
2015жыл
Тақырыбы. Денсаулық - зор байлық
Мақсаты: оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттай отырып, денсаулығын сақтау және ауырмаудың алдын-алу жолдарын үйрету; жаман әдеттен бойларын аулақ ұстауға және санитарлық гигиеналық талаптарды ұстануға тәрбиелеу.
Қолданылған модульдер:"Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер", "Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету".
Әдіс- тәсілдер: сұрақ-жауап, постер жасау, коллаж жасау, ребусты шешу, түсіндіру, көрініс, "Салат", "Жалғасын тап" ойыны.
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар мен маркерлер, нақыл сөздер, көрініске қажетті атрибуттар.
Сабақтың барысы
Кіріспе кезеңі.
Ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру.
Отбасы мен қаламызды сүйеміз,
Үлкендердің сөзін ойға түйеміз.
Денсаулықты әрқашанда сақтаймыз,
Бейбіт өмір баршамызға тілейміз.
Мұғалім.
-Астында соңғы үлгідегі шетелдік машинасы бар, бірақ қатты ауырады. Ол адам бақытты ма ?
-Миллиард теңге ақшасы бар, бірақ оынң жүрегі ауырады. Ол адам бақытты ма ?
-3 үлкен әдемі үйі бар. Бірақ ауыр дерке шалдыққан - ол адам ше? Жоқ.
-Неге? Сонда сендердің ойларыңша бақыт деп нені ойлайсыңдар ?
- Денсаулық.
- Ендеше бүгінгі біздің сынып сағатымыз "Денсаулық-зор байлық " деп аталады. Осы мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?
" Денсаулық - зор байлық" деп халқымыз айтқандай, денсаулықты еш нәрсеге теңеуге болмайды, адамдар бір-біріне бірінші денсаулық тілейтінінің себебі ,міне
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>