Денсаулық -зор байлық

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

, осында. Дені сау адам, әрдайым көңілді, жүзінен шаттық нұры төгіліп жүреді. Сондықтанда өз денсаулықтарыңызға жауапты қарап, оны сақтауымыз керек. Бірақ денсаулыққа зиян келтіретін және жақсартатын заттар бар. Олар нелер?
Қазір сендер екі топ болып бөлініп отырсыңдар .
Шымыр тобы: "Шынықсаң, шымыр боласың "
Денсаулық тобы: " Денсаулық - ел байлығы "
Топпен жұмыс. Постер жасау.
1-топ: Денсаулыққа не зиян?
2-топ: Денсаулыққа не пайдалы?
Денсаулықтың нашар жағын толығырақ ашу үшін бірінші топтың дайындаған көрінісін тамашалайық.
Көрініс: " Шылым шегудің пайдасы"
Автор: Саханаға бір топ балалар шығады. Алдарынан темекі шығады.
Балалар: Сен кімсің? Қайдан шықтың?
Темекі : Мені танымайсыңдар ма? Мен темекімін . Мен күштімін. Менің пайдам
өте көп. Мені тек мықты балалар ғана ұстайды. Кәне, менімен кім дос болғысы келеді.
Автор : Балалардың қолына бір- бір темекі ұстатады.
Балалар: - Темекімен дос болайық. Сонда бізде мықты бала боламыз.
Ең бастысы оның пайдасы өте көп екен.
Автор: Балалар темекіні айнала қоршап қол алысады.
Балалар : Ал, кәне енді темекі шегіп үйренейік.
Автор: Осыны байқап отырған ақ сақалды қария:
Қария: - Уа , балалар, маған құлақ салыңдар! Темекі шегудің тек үш пайдасы
бар. Біріншіден , кімде- кім темекі шексе, ол ешқашан қартаймайды.
Бала : Неліктен? Неге?
Қария : Себебі, ол қартаюға үлгірмейді де. Темекі шеккен адам өмірден ерте кетеді. Екіншіден, оның үйіне ешқашан ұры түспейді.
Бала : Неліктен?
Қария : Себебі, кімде - кім темекі шексе, оның өкпесі таза болмайды. Түні бойы төсекте аунап жатады және күндіз - түні күркілдеп қатты жөтеліп шығады. Ұрылар үй иесінің жөтелгенін естіп, үйге жақындай да алмайды. Үшіншіде

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: