Денсаулық әліппесі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>



И. Құтпанұлы атындағы орта мектебі
Маханова Алмагүл Шертайқызы
Бастауыш сынып мұғалімі
Білімі жоғары
Санаты ІІ


Сабақтың тақырыбы: Денсаулық әліппесі
Сабақтың мақсаты: "Денсаулық" ұғымының адамгершілік құндылығы
ретіндегі мәнін ашу.
Сабақтың міндеттері:
- денсаулықты сақтау, нығайту қажеттігі туралы түсініктерін кеңейту.
- денсаулықтарын нығайтуға қызығушылықтарын арттыру.
- денсаулығын күтуге, бағалауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, тақырыпқа байланысты слайд, суреттер

Сабақ барысы: Ұйымдастыру
Ой қозғау. І Қызығушылықты ояту
Шаттық шеңбері
Оқушылар шеңберге тұрғызылады.
Табиғатты білемін
Ауа, су, күн, жер, аспан
Жан-жануар, гүл, егін
Көкжиекке ұласқан.

Армысың шапағатты күніміз,
Армысың мейірімді жеріміз,
Армысың табиғат-анамыз,
Келді сізге өзіңіз балаңыз.
Кіріспе.
Құрметті ұстаздар, оқушылар "Денсаулық әліппесі" атты ауызша журналымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың денің сауда
"Денсаулық - терең бақыт" деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да
Денің сау күштісің бұл әлемде,
Денің сауда сұлусың жер бетінде.
Сол мықты денсаулықтың арқасында
Жетерсің әлі талай бақыттарға.
Адамның денсаулығы - қоғам байлығы.
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа арнаған "Қазақстан -- 2030" жолдауында бізді Отан игілігі үшін өз денсаулығымызды сақтауға шақырады. Қазақстанда тұратын әрбір азаматтың денсаулығы мықты болуы керектігін айтады.
Журналымыздың I беті: "Денсаулық - зор байлық".
-Байлық дегенім не?

Ал енді мына мысалдарға көңіл

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: