Сабақтың тақырыбы: "Дені саудың - жаны сау"Есімдік.
Есімдіктің түрлері
Пәні: қазақ тілі
Тобы: "Ғ-151"
Курсы:1
Сабақтың мақсаты:
1. Білімдік: есімдік және денсаулық туралы жалпы түсінік. Мағыналық, тұлғалық жағынан білім беру. Ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып, студенттердің білімдерін толықтыру.
2. Дамытушылық: студенттердің қабілетін дамытуда, студент сезіміне әсер ететіндей, сабаққа ынтасын дамыту үшін таблица, карточка, т. б. құралдар мен әдістерді пайдалану. Ой қорытып, нақты шешім жасауға үйрету.
3. Тәрбиелік: сауатты жазуға, ұқыптылыққа баулу, бір-бірін тыңдай білуге үйрету, сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже: студенттер есімдіктің түрлерін және денсаулық жөнінде толық меңгереді, есімдік туралы алған теориялық білімдерін практикада қолданады.
Әдісі: топпен жұмыс, жұппен жұмыс, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қорыту, ізденіс, тест
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгеру
Сабақтың көрнекілігі: есімдік туралы кестелер,бағалау парағы, бөшке, карточкалар, оқулық, интерактивті тақта, тест сұрақтары.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру.
а) сәлемдесу,
ә) түгелдеу;
б) сабаққа студенттердің даярлығын тексеру.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау.
Көп нүктенің орнына керекті сан есімдерді қойып, астын сызыңдар.
Керекті сөздер: отыз, үшінші, жетінші, он екінші, төрт, он екі, жиырма төрт, бірінші.
1. Бір жылда . . . ай, . . . мезгіл бар.
2. Қаңтар-жылдың . . . айы.
3. Жылдың . . . айы желтоқсан.
4. Бір тәулікте . . . сағат бар.
5. Аптаның . . . күні - сәрсенбі, . . . күні - жексенбі.
6. Бір айда . . . күн бар.
ІІІ Жаңа сабаққа түсінік алу.
Кез келген елдің болашағы - оның халқының
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>