Дені сау бала өсіру

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10 | 11  >  >>

бірте - бірте жеңілдетіп, жаз айларында тек қана іш киіммен, жалаң аяқ жүруге дейін жеткіземіз. Жалпақ табалдылықты болдырмау мақсатында ұсақ тастардың, тігілген қақпақшалар, тікенек жаймалар үстімен жалау аяқ жүргіземіз. Түс мезгілінде топ бөлмесіне кіргенде сумен шынықтыру жүргізіледі. Су температурасын бірте - бірте төмендетіп, аяқтарын салқын сумен шаю, тізеден төмен қарай жуудан соң құрғақ орамалмен сәл қыздырғанға дейін сүртіндіреміз. Түскі ұйқыдан соң 1-2 апта құрғақ ысқылау таза фланельматадан аяқ - қол дене мүшелерін қызарғанша ысқылауға көшеміз. Ылғалды ысқылау 1-2 мин. созылады.
Балалар қолғапты қолдарына киіп, су (350-360) құйылған табақшаны айнала тұрып, қолғаптарын суға малып, әбден сығып, қол, иық, кеуде, аяқты ысқылайды (алма-кезек) қолғаптарын шешіп, бір-бірінің арқасын ысқылайды. Бұдан соң құрғақ оралмалмен сүртінеді. Балалардың қимыл іс-әрекетін жетілдіру тек дене шынықтыру сабағымен шектелмейді бос уақытта балалардың қимыл іс әрекетіне көп көңіл аударуымыз керек. Тәрбиеші балалармен түрлі ойын, жаттығу өткізіледі. Серуен кезінде де түрлі жаттығу, ойындар ойналады. Тәрбиеші көп қозғалмайтын балаларға ерекше көңіл аударып, ойынға үнемі қатыстырып отыруы тиіс.
"Денсаулық" білім саласының біріндегі - Валеологиядан біз балалардың өз денсаулығын күтуге, салауатты өмір сүруге баулу, гигиеналық талапты орындауға (шашы, тісіне күтім жасау) дұрыс тамақтанудың адам ағзасына әсері туралы түсінік береміз. Жас ұрпаққа адам денсаулығының қажеттілігін, басты байлық денсаулық екенін түсіндіру, қимыл - әрекетке жаттықтыру. Дұрыс тамақтанудың, таза жүрудің адам денсаулығы үшін маңызды екенін түсіндіру. Жас ұрпақ дұрыс өсіп жетілуі үшін денсаулығын күтуді үйрету, салауатты өмір салтын сақтап, өмір сүруге дағдыландыру.
Топта тәрбиеші жай қимылда

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10 | 11  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: