йтын, әлжуаз балалармен үнемі жеке жұмыстар жүргізіп отырады. Менің тобымда Қалиева Аружан деген қыз бала болды, ол баламен мен 1,5 жастан бастап мек. даяр. тобына дейін 4 жыл жұмыс жүргіздім. Келген кезде орнынан қозғалмайтын, мінезі өте ауыр баланы жаттығуларды жеке дара жасату, тақпақ жаттату, биге қосу арқылы қозғалысқа түсіп, жаттығуларды да жасап, биді де билейтін дәрежеге жетті анасының қуанышында шек болмады. Ал Ақгүл деген қызымыздың мінезі қыңырлау, мақтағанды, алға бірінші тұрғанды жақсы көретін. Балаларды кішкетай кезінен бастап қабылдап, үнемі сол балалармен жұмыс жасайтын болсақ, барлық баланың даму ерекшелігін, мінез - қылықтарының барлығын, не нәрсеге бейімділігін өте жақсы білуімізге болады.
Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына ең алдымен ата - ананың тәрбиесі негізгі роль атқарады десек, сол тәрбиені ұштастыра білу балабақшадағы тәрбиешіге де маңызды міндет жүктейді. Балабақшадағы әр баланың отбасылық жағдайын, ондағы тәрбие бағытым біліп, ата - анамен тығыз қарым - қатынас орнатып, ынтымақтаса жұмыс жасағанды ғана бала тәрбиесі өз нәтижесін береді.
Отбасында тәрбие міндеттеріне. Баланың дене, танымдық дамуына жағдай жасау, балаларды өзіне - өзі қызмет етуге, жақындарына көмектесуге үйрету, баланың бейімі, қызығушылығын дамытуға, тілдік - қатынастық дамуына жан - жақты дамуына жағдай жасауға міндетті. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, ата-аналардың балабақша мен байланыс дұрыс жолға қоюға жұмыстар жүргіземіз. Балабақшада денешынықтыру кезінде бала дұрыс қозғалыста болуы үшін жыл мезгілдеріне сай киіндіруге, демалыс күндерінде де үйде жаттығулар жасауды әдетке айналдыруды, ашық есік күні, мерекелік ертеңгіліктерге, түрлі спорттық ойындарға ата - аналардың белсене қатысып, қызығушылық танытуын ынтымақтаса жүргізген жұмыстарымыздың нәтижесі
Страницы: << < 8 | 9 | 10 | 11 > >>