Дені сау бала өсіру

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9 | 10  >  >>

еді. Таза ауадағы дене шынықтыруда балалардың жаттығуларға деген белсенділігін төмендетпес үшін оларға көп ауыртпалық түсірмеуге, дұрыс демалуларына көңіл бөлеміз. Таза ауадағы дене шынықтыру балалардың тек қана денесін шынықтырып емес, сондай-ақ тәрбиелік мәні бар білімін ұштастыруға септігін тигізеді. Бірін - бірі сыйлау, ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеуде мәні зор. Спорттық ойындар арқылы балаларды төзімділікке, қайратты шымыр болуға баулу қажет.
Таза ауадағы дене шынықтыруды өткізу үшін учаскедегі орын барлық жағдайға сай жабдықтануы керек. Біздің балабақшада әртүрлі өрмелеуге арналған баспалдақтар, жаттығуға арналған скамейкалар бар. Таза ауадағы дене шынықтыруды өткізу үшін балалардың денсаулығы туралы мәліметті балабақша медбикесінен аламыз. Егерде операция жасалған немесе бір жері қатты ауыратын бала болса, ол балалар тәрбиеші көмекшісімен бірге болып, жеңіл қимылды ойындар ойнайды. Сауықтыру шараларына медбике жиі қатысып, тексеріп тұрады. Балалардың нервтік жүйесіне жүрекке, бұлшық еттің қатаюына, қан айналымының жақсаруына әсер ететін жаттығулар түрін таңдауға көмектеседі. Дене шынықтыруды өткізу үшін балалардың киімдерінің жүріп - тұруына ыңғайлы болуын қадағалаймыз. Қыстың ашық күндері жеңіл спорттық киіммен жүргіземіз, көбіне серуеннің аяғын да өткізгеніміз дұрыс, себебі балалар терлеп, тез салқын тиюі мүмкін. Күзгі, қысқы мезгілде таза ауадағы дене шынықтыру кезінде өлең айтуға, ауызбен айтатын ойындар ойнауға болмайды, себебі баланың тыныс алу жолдарына салқын тиюі мүмкін, сондықтан мұрынмен демалуына көңіл бөлеміз. әрбір жаңа оқу жылында балаларға бөлек - бөлек дәптер бастап, балалардың өсіп - жетілуіне, олардың денсаулығы жазып өт-з шынықтыру шаралары көктемнен бастап ертеңгілік ж. ж. жаттығуларды таза ауада өткізуден басталады. Киімдерін де

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9 | 10  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: