Дені сау бала - болашақ жемісі

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5  >  >>

қызығушылығын оятасыз. Себебі, кез - келген бала мақтауды сүйеді. Ол үшін жақсы әдеттер санын арттырғысы келеді, талпынады. Өзінің айтқанын орындату үшін жерге өзін тастай салып, жата қалып жылайтын баланы жазалаудың ең дұрыс әдісі - оны жалғыз қалдыру. Үнсіз ғана оның бұл әрекетін елемеген болсаңыз, осы жазаңыз да жеткілікті болады. Мұның да себебі бар, өйткені бала өзіне назар аудартқанды жақсы көреді. Жата қалып жылай бастағанына назар аудармасаңыз, оның орынсыз екенін сезіне бастайды. Ал оған ұрысып не болмаса өзге де жазалау түрін қолданып жатсаңыз, демек оған назар аударғаныңыз. Балаңыз ол әдетін тағы да қайталайды деген сөз.

5. Түсініспеушілікті баламен бірге шешуден қорықпаңыз.
Баланың кейбір қылықтарына ашуланбау мүмкін емес. Ол жиі болмаса да кей - кейде орын алып тұрады. Міне, осындай кездері оған ашулануыңыздың себебін сабырлы кезіңізде түсіндіруден қашпаңыз. "Кішкентай ғой, не түсінер дейсің?" деген түсініктен де аулақ болыңыз. Оның қай жерде дұрыс жасамағандығын айтыңыз және неге бұлай еткендігінің себебін сұраңыз. Сонда араларыңызда бір - біріңізді еркін түсінетін көпір қалыптасады. Оны жазалаудың сіз үшін ауыр екендігін және жазалағыңыз келмейтінін де айтқаныңыз артық болмайды.

Есте сақтағаныңыз дұрыс:
- Баланы жазалау кезінде ата - ананың жүйкесі тыныштанғаннан басқа ешқандай пайда жоқ. Таяқ жеген бала келесі кезекте де қалай әрекет жасайтынын білмей, бір жасаған қателігін екінші рет қайталайды. Оған түсіндіріңіз және түсіндіріңіз!
- Қол жұмсамай - ақ жазалаудың түрі жеткілікті. Мысалы: бала қанша жаста болса, сонша минут бұрышта тұру, орындықта қимылдамай отыру, сол күнгі балмұздақ немесе тәттіден қағу. Дұрыс көтеріп, жүйке жұқартудың оң нәтижесі мүлде болмайды.

- Өзіңізге өзіңіз сырттай назар салыңы

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: