Дені сау бала - болашақ жемісі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Баланы "таяқсыз" да тәрбиелеуге болады


Баланы қалай тәрбиелеген дұрыс - таяқпен бе әлде мақтаумен бе? Кейде айтқан сөз бір құлағынан кіріп, екіншісінен шығып кететін балаға не жаза қолданарыңды да білмейсің. Бәрін қолданғаныңмен де әйтеуір бір кемшілігі байқалады да тұрады. Әдетте жүйкеге әбден тиген бала үшін майқұйрықтан салып жіберу немесе желкеден түйіп жібергеннен басқа ештеңе көмектеспейтін сияқты. Сондықтан, көптеген ата - аналар тәрбиенің осы бір "саласына" көбірек үйіріледі. Таяқ жеп өскен бала біреуге әлімжеттік жасағысы кеп тұрады.

Ата - анасының желкеден немесе құйрықтан берген "жазасы" баланы өзінен кішілерді ренжітуге, оларға күш көрсетуге және үлкендердің сөзіне құлақ аспау мен әлімжеттік жасауға бейім болады. Сонда баланы қалай жазалау керек? Жалпы, осы жазалау керек пе? Ата - анаға, ересектерге сөзсіз бағынатын бала аз. Сондықтан кез - келген отбасында бала тәрбиесінде теріс қылықтары үшін жазалайтын сәттер міндетті түрде болады. Онсыз мүмкін емес. Себебі, баланың болашақта мінез - құлқы және ақ пен қараны ажырата алатындай санасы қалыптасуы үшін қажет - ақ. Бірақ қалай жазалау керек? Жас ата - аналардың тұйыққа тірелетін, ойын сан - саққа жүгіртетін сауалы да осы. Кішкентай сәбиді тыңдата білу қиын. Еркелеткің де келеді, бірақ шектен шығып кете ме деген қауіп те басым түседі. Кішкентай ғана "бақытты жанды" өкпелетіп, көңіліне қаяу түсіргің келмейді. Әрбір ата - ана балаға дауыс көтермей, қол жұмсамай - ақ тәрбиелегісі келетіні анық. Ешкім де өз баласының жылағанын, ренжігенін қаламайды. Бірақ кейде амал жоқтай көрінеді. Сонда баланы жазаламай - ақ тәрбиелеудің жолы қайсы? Тым ерке етпей, сонымен қатар ата - ананың сөзіне құлақ аса білетін баланы қалайша тәрбиелей аламыз? Ата - ананың махха

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: