екі күннен соң қол сілтей салсаңыз, бітті. Сіздің бала бойындағы көптеген қателіктерге түйсікті түрде баруға болатындығына жол бергеніңіз. Сонымен қатар, баланың алдында емес, соңынан жүруді ерте бастан - ақ қалыптастырғаныңыз. Ата - ананың бала үшін қойған шекарасынан ол әдеттегі айтыла беретіндей " жалтақ" болып кетпейді. Шекара - бала өмірін жеңілдетеді, болашақта қандай - да бір үлкен қателіктерге жол бермеуге үйренеді. Керісінше жағдайда, яғни шекара болмаған отбасында бала адасады, оның өмірі қиындайды.
3. "Болмайды!" деп айғайлауға болмайды.
Бала да ата - анасы сияқты отбасының бір мүшесі. Оның өз орны және құқығы бар. Дегенмен, отбасы мүшелерімен қарым - қатынасында да шекара болуға тиіс.
Егер баланың қандай да бір іс - қимылы сізге жағымсыз болса, ыңғайсыздық тудырып жатса, оған шектеу қойғаныңыз дұрыс. Бірақ, әрине бірден түріңізді өзгертіп "болмайды!" деп айғай салу дұрыс емес. Одан да баланың назарын басқа бір қызықты іске айналдырып жіберуге болады. Мұнда сізге сабыр қажет. Сонымен қатар, бала тілімен, оған түсінікті түрде бұлай жасау өзіңізге ыңғайсыздық тудыратынын түсіндіріп айтсаңыз, жетіп жатыр.
4. Іс - әрекетіне лайықты мақтау сөздер айтыңыз.
Мұны өзіңізге ереже ретінде ұстансаңыз да болады. Жоғарыда айтқанымыздай, "болатын" және "болмайтын" іс - әрекеттер үшін өз ойыңызды айтып отырсаңыз, бала бірден болмаса да, біртіндеп оны түсіне бастайды. Мысалы, үйге келген қонақпен сәлемдесіп, ол қайтар кезде қоштасуды ешкім үйретпей - ақ өз бетінше орындаған баланың ісі - мақтауға тұрарлық. Алғашқы байқаған сәтіңізде - ақ оның дұрыс жасағандығын, жақсы баланың үнемі осылай жасайтындығын т. б. мейірімді жүзбен күлімсірей айта отырып мақтасаңыз, оның бойында жақсы әдетке деген
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>