"Үшқоңыр ауылындағы орта мектеп-гимназия мектепке дейінгі шағын орталықпен" кмм
"Дені сау адам- табиғаттың ең қымбат жемісі"
Педагог-психолог: Педагог-психолог Самбетова Гульнар
2015-/16 оқу жылы
Жеке адамның да, қоғамның да, ең басты байлығы - денсаулық екені белгілі. Сондықтан да, денсаулық мәселесі, оған деген қамқорлық, жауапкершілік еш уақытта да күн тәртібінен түскен емес.
Бірінші байлық -денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтында да сыңайлымыз.
Айтылған сәтте көңілімізге қонады, құлағымызға жағады. Келісеміз.
Сөйтіп күндердің күнінде бір арылмас дертке шалдығып санымызды соғамыз.
"Тәннен жан артық еді,- дейді Абай атамыз - тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жан бізді жас күнімізден билеп жүрген еді. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік, жанды тәнге бас ұрғыздық , ешнәрсеге көңілмен қарамадық көңіл айтып тұрса сенбедік".
Денсаулық - тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру , интеллект өрісін биіктеу, рухыңды шыңдау - бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз.
Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты , салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған.
Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру туралы елбасының жолдауын, егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын, алтын сүрлеу десе де болады. Жас ұрпақтың дені сау болуына күнделікті күн тәртібінің де ықпалы зор.
Әр оқуш
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>