ы өзінің күн тәртібін дұрыс пайдалана отырып, оған жоспар құра білу керек. Мектебіміздің салтына айналған "Қара жорға" ұлттық би дәстүрімен таңғы жаттығуымызды бастаймыз. "Қара жорға" биін оқушылар бар ынта - ықыласымен билейді. Бұл биді игеріп алғандары соншалықты, бір- бірімен жарыса билейді. Сондықтан да адам өзін сергітіп көңілін көтеріп, денсаулығы жақсы болу үшін би билеуде денсаулыққа өте пайдалы.
"Дені сау адам- табиғаттың ең қымбат жемісі" -- деп тегін айтпаған.
Қазіргі қоғамымызда халықтың табиғи өсімі төменде, сырқаттанушылық және өлім-жітім деңгейі арта түсті. Әсіресе, балалар мен жастардың денсаулығына қауіп тудыруда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткі құмарлық және улы заттарға әуестілік, адамгершілікке жат мінез-құлық, ерте жыныстық қатынас кеңінен етек алуда. Сонымен қатар денсаулық қатерінің негізгі факторларына мыналар да енеді: қозғалыс күшінің кемуі салдарынан қимылдың кемуі гиподинамия/ дене салмағының артуы, жүйесіз тамақтану, қоршаған орта нысандарының барлығының көптеген уытты заттармен ластануы, өндірісте және тұрмыста күйзеліс туғызатын жағдайлар, зиянды әдеттердің - шылым шегу, ішімдік пайдалану, нашақорлық көп таралуы. Егеменді еліміздің болашағы біздер. Қоғамда болып жатқан жаман әдеттерге кінәлі -- адамдардың өзі. Осындай жат, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білуіміз керек. Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, ішімдік, шылым шегуден бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір салтын насихаттайық. .
Ей замандас! Алдыменен досыңды ұқ - досың спорт, таза ауа, өсі
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>