мақсатымен дене дайындығын және денсаулық деңгейін тесттен өткізу;
кәсіби-қолданбалы дене шынықтыруда дағды мен ептілікті қалыптастыру.
Студенттің іс-әрекетін объективті бағалауға аттестациялық талаптар келесі жағдаймен дифференцияланады:
теориялық бөлім оқу бағдарламасының тақырыптары бойынша әңгімелесу түрінде жүргізіледі;
әдістемелік бөлімде студенттер бөлімдер бойынша практикалық жұмыстарды орындайды, дене жаттығулары мен оқу және жеке жұмыстарын өткізіп, бақылайды;
практикалық бөлімі дене қасиетінің дамуымен және қимыл-қозғалыс мүмкіншіліктерін меңгерумен тесттеу түрінде өткізіледі. Дене дайындығының бақылау тесттеуіне дене дайындығы бойынша сынақтан өткен студенттер енгізіледі.
Аттестациялық талаптар, бақылау жаттығулары және нормативтерді орындау уақыты мен реттілігі жоғары оқу орнының оқу бөлімімен дене шынықтыру және спорт кафедрасымен бүкіл оқу жылына анықталып, ректормен (проректормен) бекітіледі.
Сабақтан ұзақ мерзімге (1 айдан аса) босатылған студенттер және емдік дене шынықтыру тобының студенттері сынақты келесі теорияның нормативті талаптарымен дене шынықтыру практикасының негізінде дене шынықтыру кафедрасында тапсырады:
"Дене шынықтыру" пәнінің дәрістерінің бақылау сұрактарын енгізе отырып, теориялық білім деңгейін бағалау;
студенттің денсаулығын ескере отырып, дене шынықтырудың қосымша тақырыбын өзіндік меңгеруін бағалау;
дене шынықтыру сауықтыру бағдарламасын айқындайтын әр студентке сәйкестендіріліп өңделген баяндама жазу;
функционалды сынамаларды өткізу ептілігін, студенттің дене дамуын бағалап, өзін-өзі бағалау күнделігін жүргізу;
сауықтыру және адаптивті дене шынықтыру мәселелері бойынша дене шынықтыру және спорт кафедрасының ғылыми - зерттеу жұмыстарына студенттерді
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 | 9 > >>