Дене шынықтыру және спорт сабақтарын спорт жарыстары мен бұқаралық спорт шараларын өткізу кезіндегі қауіпсіздік қағидалары

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Дене шынықтыру және спорт сабақтарын спорт жарыстары мен бұқаралық спорт шараларын өткізу кезіндегі қауіпсіздік қағидалары

Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар дене шынықтыру және спорт сабақтарын, спорттық жарыстар және спорттық - бұқаралық іс - шаралар өткізу кезіндегі қауіпсіздік қағидалары (бұдан әрі - Қағида) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және дене шынықтыру және спорт сабақтарын, спорттық жарыстар және спорттық - бұқаралық іс - шаралар өткізу кезінде Қазақстан Республикасы аумағында орындалуға міндетті қатысушылар мен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі шараларын көздейді.
2. Осы Қағида Қазақстан Республикасы аумағында спорттық жарыстар және спорттық - бұқаралық іс - шаралар өткізуді дайындауға және өткізуге тікелей қатысатын мына мемлекеттік органдар мен ұйымдар үшін міндетті болып табылады:
1) ішкі істер, денсаулық сақтау және мемлекеттік өрт қауіпсіздігі органдары;
2) жоспар бойынша спорттық жарыстар және спорттық - бұқаралық іс - шараларды өткізетін жергілікті атқару органдары;
3) дене шынықтыру және спорт сабақтары (бұдан әрі - сабақтар), спорттық жарыстар және спорттық - бұқаралық іс - шаралар өтетін спорт ғимараттарының ұйымдары (бұдан әрі - ұйым).
3. Жүйелі түрде, бапкердің (нұсқаушының) басшылығымен өтетін дене шынықтыру және спорт сабақтары тек ғана дәрігердің карауы мен дене шынықтыру және спорт сабақтары, спорттық жарыстар және спорттық - бұқаралық іс - шараларға қатысуға рұқсатынан кейін ғана өткізіледі.
Жарыстың бас дәрігері, ғимараттың медициналық қызметі, команда дәрігері спортшыларға, жаттықтырушы - оқытушылар құрамына және қызметкерлердің денсаулығы мен өміріне қауіп төнген барлық жағдайда жарыстарды және спорттық бұқаралық іс -

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: