ынды оқушылар үшін)
Тақырыбы: "Елтаңба мен Ту туралы жыр"
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды жаңа тараумен таныстыру. "Елтаңба мен Ту туралы жыр" мәтінімен таныстыру арқылы, еліміздің рәміздері туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Оқушылардың Отанға, туған жерге деген сүйспешілін арттыру. Сөздік қорларын, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ынтымақтастыққа, патриоттыққа, рәміздерімізді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақ әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, ой қозғау, сұрақ - жауап, көрсету.
Көрнекілігі: тақта, оқулық, слайд.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу. Сабаққа назарларын аудыру.
Мұғалім: Психологиялық дайындық жасату.
Оқушылар: Ана тілім - бала шағым, өркенім,
Ана тілім - болашағым, ертеңім,
Ана тілім - сайын далам, жер, көгім,
Ана тілім - арман, ойым, өрнегім.
Үй тапсырмасын тексеру: "Мен не үйрендім?" тақырыбына шағын эссе жазып келу.
Жаңа сабақ
Мұғалім: Бүгін жаңа тарауды бастаймыз. Тарау - "Туған өлкем - Тұғырым" деп аталады.
Ассосация әдісі.
"Туған өлкем - Тұғырым" дегенді қалай түсінесіңдер? Көз алдарыңа не елестейді?
Оқушылар: Отанымыз, Туған жеріміз, ауылымыз, өскен жеріміз, тұрып жатқан жерімізге деген сүйіспеншілігіміз. Мемлекетіміз, Елбасымыз, Рәміздеріміз.
Мұғалім: Рәміздер туралы не білесіңдер, балалар?
Оқушылар: Өз білгендерін ортаға салады.
Мұғалім: Ел рәміздері слайд арқылы көрсетіледі. Есту және көру қабілеттері арқылы сабақтың тақырыбын, мазмұнын, мақсатын ұғындыру.
Туған ел, Туған жер, Отан туралы қандай мақал - мәтел білесіңдер?
Оқушылар:
1. Туған жердей - жер болмас,
Туған елдей - ел болмас.
2. Т
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>