лдаяқовтікі
Сабақты қорытындылау. Оқушылардың жауаптарын толықтыру. Өлең жолдарын слайдтан оқыту.
Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам төрде әлемге танылды анық.
Шырқадым Әнұранды бар дауыспен,
Арманым Ата Заңым қабылданып
Бағалау:
Белсене қатысқан оқушыларды мадақтау.
Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқу. Бүгінгі өтілген тақырып бойынша эссе жазып келу немесе сурет салып келу
Сабақтың тақырыбы: Қ. Жұмағалиев "Туған өлкем".
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік "Туған өлкем" өлеңі арқылы оқушыларға туған жеріміздің құндылығы мен қасиеті, мәні мен маңызы туралы түсінік беру. Өлеңдегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру.
2. Дамытушылық: Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру, туған жер, Отан туралы өз ойларын, көзқарастарын еркін айтып жеткізе білуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларға елін, жерін, Отанын қорғауға, туған жерге деген патриоттық сезімдерін қалыптастыруға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сурет, слайд, кесте, авторлардың портреттері.
Сабақ түрі: жаңа білімді беру сабағы.
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ жауап, баяндау.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
- Оқушылармен амандасу.
- Оқушыларды сабаққа даярлап, оқу - құралдарын реттеу.
- Ана тілі - көңіліңе гүл егер,
Ана тілі - ғұмырым деп біле бер
Өзге тілде сөйлей білу - бір өнер,
Өз тіліңде сөйлей білу - шын өнер,- деп ақындарымыз жырлағандай, ана тілі сабағын бастайық.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
- Оқушылар
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>