таныстыру;
1. Білімділік: түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;
2. Дамытушылық: мәтінді талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;
3. Тәрбиелік: тапқырлыққа тәрбиелеу;
Сабақ түрі: жаңа тақырыпты таныстыру сабағы
Көрнекіліктер: тірек - сызба
Әдіс - тәсілдер: жұптық, талдау,
Күтілетін нәтиже: халқымыздың мұрасын бағалай білетін,елін сүйетін тұлға
Сабақ барысы
1. Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Үй тапсырмасын тексеру
Ертегі қалай басталады? Кедейдің далада боранда қалған малына не кез болады? Кедей малын қалай шақырады? Олар өз бастарын қорғау үшін не істегендерін қалай айтады?
2. Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:
Бүгінгі танысатынымыз: аңыздар
Аңыз - тарихта болған адам туралы шығарма.
Бүгінгі танысатын аңызымыз: Қорқыт туралы аңыз
Өмірбаяны
Қорқыт
Тарихи тұлға, ақын және композитор, ол IX ғасырда Сырдария даласында туған. Қобызды жасаушы, аңызшы, ақындардың, музыканттардың иесі, бақсы. Аңыздар бойынша Қорқыт түйені сойып, терісінен қобыз жасайды. "Қорқыт атаның кітабы" - түрік халықтарының эпикалық жазба ескерткіші. Әрбір аңыздың өзіндік сюжеті бар және олардың әрқайсысының басты қаһарманы Қорқыт ата - дана, көсем, басшы, тағдыр туралы болжап - пісуші. Аңыз бойынша және Қорқыттың өзінің өтінішімен, оның қабіріне денесімен бірге, желмен дыбысталып тұратын қобыз бірге салынады. Қорқыт атаның құрметіне 1980 жылы Қызылорда облысында архитектуралық ескерткіш салынған. Белгілі қазақ жазушысы, академик Мұхтар Әуезов арқылы әңгімеленетін "Қорқыт туралы аңыздардың" мәні аса жоғары, себебі, ол - адамға қызмет ету арқылы өнердің өлмейтіндігін, мәңгіліктігін көрсетеді.
Оқулық бойынша жұмыс
- үлгі оқу (мұғалімнің оқуы)
- - тізбек бойынша оқу
- тұтас оқу
-
Страницы: << < 26 | 27 | 28 | 29 | 30 > >>