Әдеби үйірме

Страницы: 1 | 2  >  >>

Сабақтың тақырыбы: Әдеби үйірме. Қызықты грамматика үйірмесі
Сабақтың мақсаты:
а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;
ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру;
б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, достарын сыйлауға, достыққа адал болуға, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға, бос уақыттарын тиімді өткізе білуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен амандасу
- Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
2 - тапсырманы тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ
1-тапсырма. Сөйлемдерді жазып, тұрлаулы мүшелерін белгілеңдер. Қарамен жазылған сөздер қандай сұрақтарға жауап беретінін анықтаңдар.
1. Оқушы кітап оқу арқылы әдебиетті, поэзияны, музыканы, көркемсуретті жақсы меңгеретін болады.
2. Сонда нағыз сауатты, мәдениетті адам болады.
3. Оқушыларды кітап оқуға үйрету үшін, қызықтыру үшін мектептерде әдеби үйірме жұмыс істейді.
4. Әдебиетке қатысты қабырға газеті шығып тұрады.
5. Қабырға газеті оқушыларды жақсы мақала, тіпті өлең жазуға, сурет салуға үйретеді.
6. Сондықтан еңбектену керек, ерінбей, жалықпай оқу керек.
2-тапсырма. Диалог бойынша өзара сөйлесіңдер.
oo Сенің мектебіңде әдеби үйірме бар ма?
oo Иә, бар. "Кітап достары" деген үйірме.
oo Үйірме мүшелері нешінші сыныптың оқушылары?
oo 5-6-сыныптың оқушылары. Менде осы үйірменің мүшесімін. Үйірме мектеп кітапханасымен бірігіп жұмыс істейді.
oo Үйірмеде не істейсіңдер?
oo Кітапханада арнайы көрме

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: