ұйымдастырамыз, төменгі сынып оқушыларына кітап насихаттаймыз, кітапты күтіп ұстау, ұқыпты болу, оны қалай оқу туралы әңгімелер жүргіземіз. Үйірме мүшелері оқушыларды кітапханадан керекті кітапты қалай алуға болатынын, каталогпен жұмыс түрлерін қалай жүргізуге болатынын үйретеді.
3-тапсырма. Мақалдың мағынасын түсіндіріңдер. Сын есімдерді тауып, белгілеңдер. Қалай ойлайсыңдар тіл неге ащы, неге тәтті, неге қатты, неге жұмсақ? Өз ойларыңды ортаға салыңдар.
Ең ащы да- тіл, ең тәтті де-тіл,
Ең қатты да-тіл, ең жұмсақ та-тіл.
4-тапсырма. Берілген әріптерді дұрыс орналастырып, сын есімдерді қатыстырып, жай сөйлем құраңдар.
Т,П, І,К,А
І,І,Л,М,Б.
М,М,Ғ,Ұ,А,Л,І.
Ү,М,Р,І,Е,Й.
Қ,О,Ы, Ш,У.
5-тапсырма. Кестені төменде берілген сын есімдермен толықтырыңдар. Әрі қарай өздеріңнің мысалдарыңмен жалғастыруға болады.
Заттың түсін білдіретін сын есімдер
Заттың көлемін білдіретін сын есімдер
Заттың сапасын білдіретін сын есімдер
Заттың дәмін білдіретін сын есімдер
Сын есімдер: ақ, қысқа, таза, дәмді, тәтті, жуан,дөңгелек, жалпақ, тұщы, қалың, жұқа.
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту
V. Үйге тапсырма
6-тапсырма. Екінші бағандағы мақалдардың жалғасын тауып жазыңдар.
1. Ердің сыншысы . . . бітеді
2. Жақсы болсаң,. . . жүректе
3. Ерлік білекте емес,. . . ашу-дұшпан
4. Жері байдың. . . ел
5. Ақыл-дос,. . . ардақты ат
6. Кім еңбек етсе,. . жақын көп
7. Мал баққанға. . . сол тоқ
8. Адам деген. . . елі бай
VІ. Бағалау бөлімі
Страницы: << < 1 | 2