ан үн басым болатын дауыссыз дыбыстарды үнді дыбыстар деп атаймыз. Үнді дауыссыздар мыналар: р, л, й, у (тау), м, н, ң.
ауыз жолды: р, л, й, у
үнді дауыссыздар мұрын жолды: м, н, ң
Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу. Әр сөзге тиісті әріпті жаз
1. . . . іздің елімі. . . де қорықтар . . . ар. Қорықта сирек кездесетін . . . ануарлар тіршілік етеді. 2. Күз. . . і ор. . . ан қандай тамаша! 3. Дина үшінші . . . агонға отырды. (флипчарт)
2-жаттығу. Мәтінді түсініп оқу.
Ұя.
Ұя - құстың жұмыртқалап, балапан басатын орны. Ұяның түрі көп. Әр құс ұясын өзінше салады. Қарға ұясын ұсақ бұтақтардан жасайды. Қарлығаш ұясын саз және шөп-шаламмен тұрғызады. Ал аққу еш уақытта ыстық жерде ұя тұрғызбайды.
Балалар, ұя жасап көрдіңдер ме?
Қосымша мәліметтер:
1. Қарғалар қорек талғамайды, кейде құстардың жұмыртқаларын жарып, балапандарын да жейді.
2. Қарлығаштың басқа құстардан бiр айырмашылығы - жемiн ұшып жүрiп ұстайды. Суды да ұшып жүрiп iшедi.
Қарлығаш биiктеп ұшса - күн ашық болады.
Жер бауырлап ұшса - жаңбыр жауады.
3. Аққулар - өте ақылды, киелі құс. Олар адамдардың қайсысы мейірімді, кімнің қатігез екенін айыра алады.
Құстардың ішінен жұптасып өмір сүретін бірден-бір құс.
Тапсырма: Қарамен жазылған сөздерден дауыссыз дыбыстарды тауып, оларды бөлінуіне қарай топтап жазу.
Қатаң: п, т.
Ұяң: б, ж, д, ғ, з.
Үнді: л, н, й, р.
Сергіту сәті.
Жұмбақ шешу.
1. Балапанын басатын басқа құс,
Бар сондай қасқа құс. (көкек)
2. Күндіз соқыр не деген,
Түнде қандай көреген. (үкі)
3. Ұшқаны қызық жалпылдап,
Өзі сондай қарқылдақ. (қарға)
4. Сайрайды бір талмайды,
Әнші құс бал таңдайлы. (бұлбұл)
Топтық жұмыс.
Алма, лақ,бүркіт, кітап, дәуіт, сағат, г
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>