Дауыссыз дыбыстардың түрлері

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

БҚО, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы
М. Әуезов атындағы 2 орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Амангельді Айгерім Ерланқызы
Пән: Қазақ тілі
Сынып: 2
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстардың түрлері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды дауыссыз дыбыстардың түрлерімен таныстыру, мәтінді түсініп оқуға, дыбыстарды ажырата білуге үйрету, олардың айтылу ерекшеліктерін байқату.
Дамытушылық: Сөзге саналы түрде дыбыстық талдау жасай білуге төсілдіру, сауатты, көркем жазуды жетілдіру.
Тәрбиелік: Мәдениетті сөйлеуге, шыдамды болуға, іздемпаздыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: қайталау сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндір, талдау-жинақтау, топтық, сто технологиясы, семантикалық карта.
Сабақтың көрнекілігі: дауыссыз дыбыстардың тірек-сызбасы, суреттер, үлестірме қима қағаз, интербелсенді тақта, электронды оқулық, флипчарт, бейнетаспа, үнтаспа.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:
- оқушылармен амандасу;
- оқушыларды түгендеу;
- зейіндерін сабаққа аудару.
- Психологиялық дайындық:
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім.
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым дара тілім.
- Дұрыс балалар, ендеше ғұлама ақындарымыздың тілі, туған тіліміз, қазақ тілі сабағын бастаймыз.
- Оқушылар бүгін біздер саяхатқа шығамыз. Дауыссыз дыбыстардың елін аралаймыз. Дауыссыз дыбыстар елінде үш қала бар екен.
- Ол қандай қалалар дер ойлайсыңдар?
- Әрине, дұрыс, қатаң, ұяң, үнді қалалары.
- Балалар менің алдымдағы жатқан әріптердің біреуін таңдаңдар.
- Дауыссыз дыбыстардың түрін ажыратып, отырайық.
1 қала қатаң қала. Бұнда үйлер бос тұрмайды, олар әрқашан қатаң естілетін дауыссыздар: п,ф,к,қ,т,с,ш,щ,х,ц,ч

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: