Дана көптен шығады, Дәрі шөптен шығады

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Қымызкенова Оруншай Бектемирқызы
Екібастұз қаласы
7 Ботақан бала-бақшасының тәрбиешісі
Сабақтың тақырыбы: «Дана көптен шығады,
Дәрі шөптен шығады. »
Мақсаты:Балаларды туған өлкенің табиғатындағы өсімдіктер дүниесін жетік білуге, табиғат байлықтарын күтіп-баптап, қоршаған ортаны өсімдіктерді қорғай білуге
баулу. Дәрілік өсімдіктер бақбақ, қалақаймен танысу. Олардың өсімдік қасиеттеріне тоқталу. Тақпақтар, жұмбақтар,тыйым сөздер айтқыза отырып,тілдерін дамыту,денсаулықты сақтай білуге дағдыландыру.
Сабаққа керек көрнекіліктер:Емдік шөптердің гербарийі,суреттер,бейнелеуге арналған құрал-жабдықтар,кеспе суреттер және т. б.
Сабақ барысы:Ұйымдастыру кезеңі.
Тәрбиеші:Балалар сендер бір-біріңе сәлеметсің бе,саумысың,амансың ба деген ғажайып сөздерді айтып жатасыңдар. Ал,бұл сөздер неліктен ғажайып екенін білесіңдер ме. Амансың ба деген бұл басқа адамдарға ұзақ өмір тілеу. Денсаулық деген не,балалар.
Балалар:Ауырмай,сырқамай көңілді көтеріңкі болу.
Тәрбиеші:Ауырып қалғанда біз не істейміз.
Балалар:Дәрі ішеміз.
Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар,дәріні де өз мөлшерімен ішеді. Дәрімен қатар біздің ата-бабаларымыз шөптерді пайдаланған. Бүгін,біз сабақта емдік қасиеті бар көптеген өсімдіктермен танысамыз.
Сабағымыздың тақырыбы:
«Дана көптен шығады,
Дәрі шөптен шығады»-деп аталады.
Орман ішінде шөптерді,гүлдерді реттеп орман перизаты отырады. Бір кезде шықылықтап сауысқан ұшып келеді.
Сауысқан:Орман перизаты,сіз білесіз бе,бүгін,бүгін. . .
Орман перизаты:Сауысқан –ау, не болып қалды,кірген бетте сәлемдесуді ұмытып кеттің ғой.
Сауысқан:Кешіріңіз,сәлеметсіз бе. Бүгін, балабақшада қызықты тәрбие сағаты өтпек. Мерекелернің қалай аталатынын білесің бе.
Орман перизаты:Қалай аталады екен. -«Дана кө

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: