Дана көптен шығады, Дәрі шөптен шығады

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4

ып. Тұрар бойы арбиып,
Салалы әр бір бұтағы. Бойына алды нәр жиып,
Біле білсең тұрағы,көшкен жұртқа шығады.
Жаз бойы өңін өзгертпей,сарғайып қана тұрады.
3-бала:Басқа гүлден бір бөлек,мұны ерекше гүл дер ек.
Ақ гүлі бар аяулы,сары гүлі-ол да ерек.
Нәр жинауды қалайды,бар арасы күнде кеп. Түмедағы.
Орман Перизаты:Мен орманға қайтып келгенде,сендерді еске алып жүруім үшін не істеуге болады?
Балалар:Сурет салуға болады. Орман Перизаты:Олай болса өздерің емдік қасиеттері бар көп өсімдіктерді біледі екенсіңдер, солардың біреуін қалауыңдарша салып, маған сыйлаңдар. Балалар сурет салады. Музыка әуені ойнап тұрады.
Орман Перизаты:Салған суреттерің үшін көп рахмет,өзіммен бірге алып кетемін – қарап жүремін. Тәрбиеші:«Дана көптен шығады -дәрі шөптен шығады. »-дегенді қалай түсінесіңдер. -Балалар, сендер «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» деген мақалды естідіңдер ме. Мұның мәнісі мұнада,мәселен,жүз атты жинасаң, соның ішінен тек қана бір жүйрік болып шығады деген сөз. Сондай-ақ, мың аттың ішінен де бір ат қана тұлпар болып шығуы мүмкін деген сөз. Сол сияқты адамдар ішінен де тек анда-санда ғана бір ақылды,дана адам кездесіп қалуы мүмкін. Кез келген адам ақылды, кеменгер,дана бола бермейді.
Тек көптің ішінен тек біреуі ғана дана болуы мүмкін. Сондықтан да сол ойды «Дана көптен шығады» деген мақал арқылы беріп отыр. Ал, дәрі дәрмекте әдетте шөптен алынады, шөптен жасалады. Сондықтанда оны «Дәрі шөптен шығады»-деп келтірген. Екеуі бірігіп, бір мақал болып, екі түрлі үлкен ойды қорытындап тұр.




Страницы: <<  <  2 | 3 | 4
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: