Абай Құнанбаев атындағы 2 жалпы орта білім беретін мектеп
Ашық сабақ тақырыбы:
Д. Бабатайұлы "Аягөз қайда барасың?"
Пән: Қазақ әдебиеті
Пән мұғалімі: Рамазанова Ж. Н
Сынып: 7 "Ә"
2016-2017 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Д. Бабатайұлы. "Аягөз қайда барасың?!"
Сабақтың мақсаты:
А)Білімділік: Ақын өмірінен мәлімет бере отырып шығармаларының маңыздылығын таныту, шығармаларының тақырыбы мен идеясын, өзіне тән ерекшелігін таныту.
Ә) Дамытушылық. Оқушының сөйлеу тілін дамыту, өз ойын еркін, жатық жеткізе білуге дағдыландыру, мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру, өз бетімен іздене білуге, қосымша материалды іріктей білуге, ой қорытуға үйрету.
Б) Тәрбиелік: Туған жер, ата - қонысынан айрылған халықтың қарсылығын танытқан ақынның жүрек айғайын ұғындыру, туған жерге деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Қолданылатын көрнекі құралдар: ақын өмірінен мәлімет беретін слайд, видеоролик, ғалымдардың Дулат туралы пікірлері
Оқыту әдісі: оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, география
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу "Жүрек жылуы" Оқушылар ортаға дөңгеленіп тұрып, сағат тілінің бағытымен бір-біріне бүгінгі күнге сәттілік тілеп, жүрек жарды жылы сөздерін айтады. Топқа бөлу Үй тапсырмасын тексеру Әр топқа шешендік сөздерге байланысты парақшаларда жазылған тапсырмалар беріледі.
1. Дүниеде не өлмейді?
2. "Жаңбыр жаумаса жер жетім" Сенің ойыңша,дүниеде кім жетім?
3. "Бір дегеніміз-бірлігі кеткен ел жаман" Сенің
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>