CLIL технологиясы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

Берілген ұғымға байланысты оқушылар өз ойларын, идеялары мен сабақ тақырыбының сан алуан аспектілерін қозғайтын болады. Осылайша олардың сөйлеу-ойлау дағдылары қалыптасып, сөйлеу тәжірибесі артатынына көз жеткіздім. Талқылауға қатысу оқушылардың қызығушылығын тудыруына, әртүрлі проблемаларды талқылауда сөйлеу дағдысы мен ойлау дағдысын қалыптастыруына әсер етеді. Дайындалатын тапсырмалар түрі пән мазмұнына бағытталған, оқушы түсінетіндей күрделілік деңгейі бойынша құрастырылуы тиіс. Әр тапсырма оқушының өздік жұмысына бағытталуы қажет. Жалпы сабақтарымды ұйымдастыра отырып, тақырыпқа байланысты келесідей тапсырмалар құрастыруды негізге алып жүрмін: диаграмманы құрастыру немесе толықтыру, командалардың орналасу тәртібін дұрыс анықтау, бос орындарды толықтыру, нақты ақпаратты іздеу, термин-анықтама, сөздерді табуға бағытталған ойындар. Тағы бір сабақтарымда жақсы көрініс тауып жүрген әдістің бірі оқушыларға қолдарына тақырыпқа байланысты сөздерді таратып, оның түсіндірмесін әрқайсысы қозғалыста жүріп отырып, бір біріне түсіндіру. Бұл тапсырманың мақсаты – оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыра отырып, оқушының белгілі тақырып бойынша қаншалықты дайын екендігін анықтау.
Бір сабақта мынадай тапсырмалар беруге болады:
Сайыстың шарты: Бір бала компьютерде жұмыс істегендігі жайлы әңгіме жазыпты. Әңгімені оқып, неше қате жібергенін анықтаймыз?
? Мен компьютерде жұмыс істегенде, міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін жүйелік блокқа қағаз саламын. Принтер арқылы әндерді тыңдап, динамик деп аталатын плоттерде құжаттарды сақтаймын.
Мен компьютермен жұмыс істегенде, міндетті түрде м

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: