Сан есім . 2- сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:заттың санын білдіретін сөздер туралы алған білімдерін еске түсіру, толықтыру;
Дамытушылық: сөйлем ішінен заттың санын білдіретін сөздерді тауып, сұрақ қоя білу, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру;
Тәрбиелік мәні: адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс тәсілдері: еске түсіру, сұрақ-жауап, жаттығу.
Пән аралық байланыс: әдебиеттік оқу
Көрнекілік: суреттер, оқулық
Қолданылатын технология: ойын технологиясы
Сабақтың типі: қайталау сабағы
Сабақтың өту әдісі:
Сабақтың жоспары:
І Ұйымдастыру кезеңі
а) Психологиялық дайындық
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ Қызығушылығын ояту
ІV Мағынаны тану
V Ой толғаныс
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа деген көңіл күйлерін арттыру.
а) Психологиялық дайындық
Арайлап шықты жаңа күн,
Шуағын шашып баршаға.
Кәне, досым, күлімде
Шаттық орнасын жүзіңде!
Сыныпта жақсы көңіл-күй орнатып, балалардың назарын сабаққа аудару.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
4- жаттығу, 22 бет.
Заттың атын білдіретін сөзге сәйкес заттың сынын білдіретін сөзді тауып жаз.
Қалың киім, жирен ат, қоңыр аю, қызыл алма, тәтті қант, қышқыл айран.
Тақтаға бірнеше сөз жазылады:
Жирен, шырайлы, компьютер, жасырынды, күлкілі, аспан, қоңырау, ағаш, көгілдір, пайдаланды, биіктеді, қысқа, т. б.
Үш оқушы сөздерді үш топқа бөліп жазады.
ІІІ Қызығушылығын ояту
Жұмбақ- санамақ.
Бір үйде біз нешеуміз? Ортаң терек-ағам,
Кел, санайық бәріміз. Шылдыр шүмек- мен,
Бас бармағым-атам, Титтей бөбек- сен.
Балаң үйрек-апам, Бір үйден біз нешеуміз?
(Жауабы: бесеуміз. )
- Бұл жерде отбасындағы адамдардың санын білдіріп тұрған қай сөз?
- Заттардың санын білдіретін
Страницы: 1 | 2 > >>