Cан есім

Страницы: <<  <  1 | 2

сөздерге қандай сұрақтар қоямыз?
- Неше? Нешеу? Нешінші?
ІV Мағынаны тану
а) дәптермен жұмыс
Дәптерлеріне бүгінгі күнді және көркем жазу жолдарын жазғызу.
Дыбыс : Ж ж
Сол дыбысқа байланысты сөз жазу: жетпіс
Ауызша сол сөзге дыбыстық талдау жасату.
1-жаттығу. Сурет орнына заттың атын қойып, сұраққа жауап жаз.
Әсетте үш дәптер бар. Ыдыста төрт гүл тұр. Сара қоянға екі сәбіз берді.
3- жаттығу ауызша орындалады.
Төрт жыл, бір рет, бес күн.
Олимп тауы Грецияда орналасқан.
4-жаттығу
Дүйсенбі-бірінші күн . Жұма-бесінші күн.
Сейсенбі-екінші күн. Сенбі-алтыншы күн.
Сәрсенбі-үшінші күн. Жексенбі-жетінші күн.
Бейсенбі-төртінші күн.
Сергіту сәті.
Оңға, оңға түзу тұр Артқа қарай бір адым
Солға, солға түзу тұр Жоғары, төмен қарайық
Алға қарай бір адым Орнымызды табайық.
ә) оқулықпен жұмыс
5-жаттығу өлеңді түсініп оқып, қойшының неше қойы барын есептеу.
Барлығы жеті қой болды. Жалқы (бір), егіз(екі), қос(екі) .
V Ой толғаныс
Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрап жаз. Заттың санын білдіретін сөздерді тап
. Айгүл сыйлады үш кітап Асанға. Мектепке дейін екі жүріппіз сағаттай. Біздің мектепте оқиды бала алты жүздей.
Бағалау: оқушылардың дұрыс, толық жауаптары мен белсенділіктеріне қарай.
Үйге тапсырма: 2- жаттығу 23 бет.













Страницы: <<  <  1 | 2
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: