C-З дыбыстарын ажырату

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сынып: 1
Өтілген уақыты:

Сабақтың тақырыбы: С-З дыбыстарын ажырату.

Сабақтың мақсаттары:
а) Білімділік: С және З дыбыстарының айтылуы мен артикуляциясын салыстыру және нақтылау, с,з дыбыстары бар сөздерге фонематикалық анализ және синтез жасау дағдысын дамыту.
ә) Дамыта-түзетушілік: Сөз қорын молайту, оны жүйелендіру, сөйлеу тілдің грамматикалық қатарын қалыптастыру. Артикуляциялық және ұсақ моторикасын жетілдіру, естіп-ажыратуын дамыту, айтып ажыратуын бекіту. Дауысы мен дұрыс тыныс алуын жетілідіру.
б) Тәрбиелік: Бір-бірінің жауабын мұқият тыңдап, кезектілікпен сөйлеуге, қойылған сұрақтарға толық жауап беруге баулу.

Көрнекіліктер: Дыбыстардың артикуляциялық кескіндері, буындар, сөздер, сөйлемдер, сөз тіркестер жазылған карточкалар, суреттер, бұршақ.

Сөздік жұмыс: Пайдалы қазбалар, мыс, сексеуіл.


Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

- Сәлеметсіңдерме! Қазір жылдың қай мезгілі? Қазір күз мезгілінің қай айы? Қыркүйектің нешесі? Бүгін аптаның қай күні? Қазір қай сабақ болады? Бүгін кім кезекші?

II. Артикуляциялық жаттығулар

1) "Күрекше", орындау тәсілі: күлеміз, аузымызды ашамыз, жалпақ тілді астыңғы ерінге қоямыз. Осы қалпында тілімізді қозғалтпай 1-5 дейін немесе 1-10 дейін ұстап тұрамыз. Жаттығуды орындау кезінде қадағалау қажет: ерінді тым кең созбау, тілді тым көп алдыға шығармау. Тіл тек қана астыңғы ерінді жауып тұру керек. Тілдің екі бүйірі ауыздың екі шетіне тиіп тұру керек.
2) "Тыңдамайтын тілді жазалау", орындау тәсілі: күлеміз, аузымызды кең ашып, жалпақ тілді ауыз қуысынан шығарып, астыңғы ерінге қойыпүстіңгі ерінмен қысып тұрамыз да, мынадай дыбыс шығарамыз-пя-пя-пя, 5-ке дейін немесе 10-ға дейін санап айту.
3) "

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: