Бұрымды қыз - 2017

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>




Есенбердина Гульнар Сарсеновна
ШҚО. Семей қаласы
38 ЖОББ мектеп-лицей






"Бұрымды қыз" байқауы
(ашық сыныптан тыс жұмыс)
Мақсаты: 1. қазақ халқының ұлттық өнерін,салт-дәстүрін дәріптеуге үйрету ;
2. оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту ;
3. көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білуге, әдептілікке, сұлулыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, гүлдер, шарлар, еңбек сабағында жасалған сыйлықтар
Түрі: байқау
Барысы
1. Жүргізуші: Асанәли
Асыл тастан, өнер жастан,
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, халық сөзі
Әрқашанда нанымды.
Сол өнердің жолын қуған,
Жігіттердің атынан
Қабылдаңыз шын жүректен
Мерекелік құттықтау.
2. Жүргізуші: Диас
Ақын боп әділдікті жақтап өтем,
Ананың ақ үмітін ақтап өсем.
Әдеп пен инабатты сақтап өскен.
Қазақтын аруларын мақтан етем
Ақын мен әнші деген- ел еркесі,
Қазақтың тарқамасын берекесі.
8-ші наурыз күні құтты болсын-
Аналар мен арулар мерекесі.
1. Жүргізуші:
Армысыздар құрметті ата-аналар,көрікті әпке-қарындастар,айбынды аға-бауырлар! Бүгін сіздер ,асыға күткен,мектебімізде бірінші рет өтетін "Бұрымды қыз" байқауын тамашалауға келіп отырсыздар. Хош келдіңіздер. ! Емен жарқын болайық. Көңіл сарайларыңыз ашылсын, күлкілеріңізден інжу- маржан шашылсын!
Мұғалім; Құрметті аналар,ұстаз-аналар,бойжеткен арулар,бүлдіршін қыздар! Сіздерді көктемнің ең алғашқы мерекесімен, келе жатқан 8-ші наурыз- халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Әр басқан қадамдарыңызға гүл бітсін!
Құрметті қонақтар! Қазақ қызы десе ашық

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: