, бірақ жүзінде ұяңдық бар, шашы ұзын, басқан ізі білінбейтін жан елестейді. Қыз өссе - елдің көркі. Ал қызға көрік беретін - арқада тулап жүрген қос бұрым. Қыз бойындағы алғашқы көзге түсетін әсемдік те осы. Шолпысының күміс күлкісін ғана естіртіп, сонымен қазақ қызы бойындағы әдептілікті, инабаттылықты сездірген.
Біздің мектебімізде мақтанып айтатындай бұрымды қыздар көбейіп келе жатыр. Біздің сынып қыздары "Шаштарымызды қимаймыз!" деп уәделескендей бұрымдарын өсіріп жатыр. Шашқа қысқарту жоқ деген мақсат қойған басқа сыныптың барлық қыздарының бұрымдары күннен күнге ұзарып, бойларына көрік, нәзіктік беріп тұрғандай. Жылдан жылға бұрымды қызымыз көбейсін деп байқауымызды ұйымдастырып отырмыз.
1-ж Уа, халайық, халайық
Мұнда назар салайық
"Көктем аруы" байқауын.
Рұқсат болса бастайық.
2-ж Мың бұралған арулар аңдап басып
Келеді міне ортаға толқып, тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық. (арулар кезекпен ортаға шығады)
1-ж: Сыныптың бір үздігі
Алғыр, зерек, білімді.
Көмектесіп бәріне,
Үнемі алда жүреді.
Қарсы алайық ағайын,
Бұрымды қыз Аянаны.
2- ж: Жайнап жаймен жүретін,
Жымиып ақырын күлетін.
Зере біздің ибалы,
Әдеппен бәрін сыйлайды.
Ортаға бұрымды қыз Зерені шақырамыз.
1 - ж: Жамандыққа бармайтын,
Жақсылықты қалайтын.
Жаны сұлу ботакөз,
Мінезі бізге ұнайтын.
Қарсы алайық, қанеки, бұрымды қыз Фаризаны.
2 - ж: Тазалықты сүйетін,
Сабағын да білетін.
Сабырлы әрі салмақты,
Бұрымды қыз Аяжан.
Жарысты бүгін жалғапты.
Қошеметпен Аяжанды қарсы алайық.
1-ж: Шашы ұзын, көрікті қыз тағы бар,
Қанеки, бәрін бері қарандар.
Ару қыз, Аружаннан әрдайым,
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>