Бұрымды қыз - 2017

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

/> Қуаныш пен шаттық күлкі тарайды.
Бұрымды қыз Аружанды қарсы алайық.
2-ж. Қара шашты, қос бұрымы жарасқан,
Қыпша белі тал шыбықтай майысқан.
Қарсы алайық Арайлымды қошеметпен,
Өнерімен көрерменді таңқалдырар.
1 ж, 2 ж: бірге
Ал, халайық, аруларға тамсанайық
Қыз қылықты дегенге ән салайық.
Атына заты сай аруларға
Тағы да бір, қол соғып қарсы алайық.
1-ж : Асқар анау аталар,
Салиқалы аналар.
Ұрпағың бұл тағы бір,
Бұрымды қыз атанар.
2-ж: Уа, арулар, арулар,
Ешкімнің жоқ алалар.
Ару болу үлкен сын,
Оны қазың бағалар.
(Әділ-қазылар алқасымен таныстыру)
1ж: Ақ тілеу ата-ананың аялаған
Баласын шапағаты саялаған.
Ежелден қыз өсірген, қайран қазақ
Ақ батасын арудан аямаға
"Қазақтың қыздыры" атты өлеңімен бұрымды қыз сайысының беташарын ашайық.
Қазақтың қыздары авторы: Мусаев Советқан
Желкілдеген тұлым менен бұрымы
Кие тұтқан ата-бабам бұрынғы.
Жаңартайық дәстүрлерін қазақтың,
Жас ұрпаққа, бүгін таңда білімді.
Ұзын шаштың әр талына бақ қонған,
Киесі оның тайдырмаған нақ жолдан.
Қазақ қызын жөргегінде әлдилеп,
"Алтын, Қара, Сұлушаш" - деп ат қойған.
Ерліктерін әнге қосып жыр қылған
Қару ұстап жауға қарсы жұлқынған.
Сүйген жарын жау қолынан зынданнан,
Арқан қылып бұрымын, тартып алған құрдымнан.
Міне, осындай қолаң шаштар ерлігі,
Кейінгі ұрпақ ұмытпағын сен мұны.
Арқасында қыздарының жауынгер,
Қазағымның сақталған ғой елдігі.
1 сайыс "Қызымын қазақтың дара туған".
1-ж: Бойжеткен арулар келіп жетті ортамызға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті
Әдеппен, ізетпен танысуға.
2-ж: Б

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: