Бәрі де татулықтан басталады

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

БӘРІ ДЕ ТАТУЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ
Ата-анаңа құрметпен қара, әдеппен сөйле.
Нақыл сөз
Мақсаты: отбасы, сүйіспеншілік, татулық ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
отбасындағы татулық туралы түсінік беру;
отбасындағы өзара сыйластық, өзара түсіністіктерінің қалыптасуына ықпал ету;
туған, өскен үйде тату болуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: ойынға қажетті құралдар,видео,слайд,шарлар.

Тыныштық сәті. -Қайырлы таң, балалар! Сендерді көргеніме қуаныштымын! (Баяу әуен қойылады). Балалар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады. Тәрбиеші:Біз барша тіршілікке жылуы мен жарық шашқан күннің көзіне айналдық. Күннің көзі болып жарқыраған басымыз тек жақсылық ойлайды. Күннің жылуымен рахаттанған қолдарымыз тек жақсы істер жасайды. Жап- жарық сәуле шашқан аяқтарымыз тек дұрыс жолмен жүреді. Күннің жарығы аузымызға да кірді- ол тек шындықты айтады. Ал құлағымыз жақсы сөздерді естиді. Маңдайымызға жеткен жарық сәулемен бірге ең сүйікті адамдарға, отбасына, әлемге, жануарларға, табиғатқа жылы сәулемізді сыйлай, іштей жақсы тілектер тілейік. Қандай тілектер тілейміз?(ойланамыз). Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады. Кім өзінің әсерімен бөліскісі келеді.






Шаттық шеңбері
Балалар шеңбеқ құрып тұрады.
Енді барлығымыз М. Мақатаевтың мына өлеңін бірге айтайық.

Анам маған - үлкенді сыйла деген,
Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.
Үлкендерден ауысқан кішілікті
Үлкендердің өзіне сыйға берем.







Әңгімелеу
Балаларға Н. Қадырбаевтың "Мейірім" әңгімесін оқып беремін.
Мейірім
Н. Қадырбаев
Айнұр көпшіл. Үнемі өзі қатарлы қыздар мен ұл балалар арасында ойнап

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: