Өлең мазмұнына сай қимыл-қозғалыс жасау.
Атамның алып күрегін, (күрек ұстаған . . . )
Ауланың қарын күредім. (қарды күреу. . . )
Әжеме мен құдықтан,(құдықтан су алған. . . )
Су әкеліп беремін. (шелекті көтеру. . . )
Еденді де жуамын,(еденді жуу. . . )
Шаң-тозаңды қуамын. (шаңды сүрту. . . )
Ойын"Ғажайып сандықша"
Әдемі сандықшада отбасының суреттері (ата, әже, шеше, аға, әпке, іні, қарындас, т. с. с. ) салынған. Басқалар көзін жұмып, сандықшаның ішінен бір суретті алып, суреттегі бейнеге өз құрметін, сыйластығын қалай білдіретінін айтады.
Тәрбиешінің сұрақтары:
Сен әжеңді қалай сыйлайсың?
Сен атаңа қандай құрмет көрсетесің?
Қарындасыңмен татусың ба?
Ініңмен қандай ойындар ойнайсың?
Ойын осылай жалғаса береді.
Ғажайып сөздер
Балалар сабақ бойы айтып үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.
Үлкендерді құрметте.
Ата-анаңды сыйла, ренжітпе.
Шығармашылық жұмыс (2-топқа бөлу).
Балаларға тапсырманы түсіндіремін.
- Суреттерге қарап,әңгіме құрастырыңдар.
Өз үйлеріңнің суретін салыңдар.
Берілген қима суреттерден отбасы суретін құрастыру.
Қорытындылау
Сабақты қорытындылаймын:
Біз бүгін отбасында туыстардың, жақын адамдардың бірін-бірі жақсы көретіні, сыйласып, тату болатыны, бір- біріне әрқашанда көмектесіп, қамқор болатыны туралы білдік. Отбасы мүшелері бір-біріне түсіністікпен, сүйіспен- шілікпен қараса, барлығы бақытты болып, отбасында татулық орнайды.
Тыныштық сәті
Балалар, денелерінді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алул
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>